8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Желтоқсан 2020 1309 0
Қоғам

БҚО-ДА МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ҰЙЫМДАСТЫРҒАН ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ АКЦИЯСЫНДА 1100-ГЕ ЖУЫҚ ОТБАСЫҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Бүгін БҚО-да облыстың мемлекеттік қызметшілерінің бастамасымен «Қайырымдылық жасасақ, қайырымды өзіңнен көрсін» атты қайырымдылық акциясы басталды. Акция шеңберінде облыстың аз қамтылған және көп балалы отбасыларына құны 14 миллион теңгеден асатын азық-түлік себеттері беріледі. Акция Оралда және облыстың әр аймағында өтеді.

Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты, биылғы жылы Жаңа жылды қарсы алуға арналған корпоративті кештердің орнына облыс мемызметкерлері қайырымдылық акциясын бастау туралы бірлескен шешім қабылдады.

Акцияға тек жергілікті атқарушы органдардың, оның ішінде облыстық, қалалық және аудандық әкімдіктер мен әкімшіліктердің қызметкерлері ғана емес, сонымен қатар аумақтық департаменттердің, инспекциялардың, сондай-ақ құқық қорғау органдарының қызметкерлері қатысуда.

Қазіргі уақытта облыс орталығында жұмыс істейтін мемлекеттік қызметкерлер 5 миллион 600 мың теңге жинады. 12 ауданда жиналған қаражат көлемі 8 миллион 450 мың теңгені құрады. Бұл қаражат азық-түлік себеттерін сатып алуға жұмсалды, олар кейіннен аз қамтылған отбасылар мен көпбалалы отбасыларға бөлінеді. Азық-түлік қоржындары БҚО-да шығарылатын тауарлармен толтырылғанын атап өту қажет.

Қайырымдылық акциясы бүгін «Ел Ырысы» базарының аумағында бастау алды.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»