8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Желтоқсан 2020 2452 0
Қоғам

ТАЛҒАТ МЫҚИ «АБАЙ» МЕДАЛІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ

Белгілі айтыскер ақын, Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығының қызметкері Талғат Мықи «АБАЙ» мерейтойлық медалімен марапатталды. Бұл туралы Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы хабарлады.
Талғат Жұмабекұлы ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің ұсынысымен, Абай атындағы халықаралық мәдениет пен өнерді қолдау қорының қоғамдық кеңесінің шешімімен ұлттық руханиятқа сіңірген еңбегі үшін айтулы марапатқа лайық деп танылған.
Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі,  айтыспен қатар, жазба поэзияны да жанына серік еткен Талғат Мықи «Абай оқулары», «Тіл – ұлттың жаны», М.Мақатаевтың шығармашылығына арналған ІІ Республикалық байқау, «Дала дарындары» фестивалі, «Бейжіңді бағындырған батырлар», т.б. көптеген әдеби-мәдени шаралардың жеңімпазы, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Еңбек даңқы» төсбелгісінің иегері, халықаралық және республикалық айтыстардың жүлдегері, «Жан дауыс» (2008), «Қылшыққұм» (2010) жыр жинақтарының авторы.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
73 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
121 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
160 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
417 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
438 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»