Қазақстанда 2021 жылы мемлекеттік базалық зейнетақы өседі. Егер былтыр ол 17 641 теңге болса, 2021 жылы 18 524 теңгеге жетеді.
Сондай-ақ, ең төменгі зейнетақы да 40 441 теңгеден 43 272 теңгеге дейін ұлғаяды.
Базалық әлеуметтік төлемдерді есептеу үшін ең төменгі күнкөріс деңгейі 2021 жылға 34 302 теңге шамасында белгіленді. Биыл ең төменгі күнкөріс деңгейі 32 668 теңге болған.
Осы орайда мүгедектікке байланысты төлемдер келесідей өзгереді:
- І топтағы мүгедектер 1,92 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі, яғни 62 723 теңге алса, 2021 жылдан бастап 65 860 теңге алады.
- Ересек жастағы II мүгедек тобындағы адам 1,53 PM алуы керек. 2020 жылдың сәуірінен бастап 49 983 теңге еді, енді 52 483 теңгеге өседі.
- III топтағы ересек мүгедек адамға 1,04 еселенген ең төменгі күнкөріс деңгейі мөлшерінде жәрдемақы беріледі. Қазіргі уақытта ол 33 975 теңге, жаңа жылдан кейін 35 675 теңге болады, яғни 1 700 теңгеге артады.
Бұдан бөлек, жәрдемақы және өзге де әлеуметтік төлемдерді, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылатын айлық есептік көрсеткіш те (АЕК) өзгереді. 2021 жылы 1 АЕК – 2 917 теңге болады. Биыл 1 қаңтарда ол 2 651 теңге болса, 1 сәуірден 2 778 теңгеге дейін ұлғайған еді.
АЕК мөлшерімен қатар айыппұл мен мемлекеттік бюджетке түсетін төлемдердің мөлшері де өзгереді. Сонымен қатар АЕК мемлекет есебінен төленетін жәрдемақы мөлшеріне әсер етеді. Мәселен, бір жасқа дейінгі бала күтімі бойынша жәрдемақы артады.
- Бірінші балаға жұмыс істемейтін ана 5,76 АЕК алады. 2020 жылдың сәуірінен бастап ол 16 002 теңге еді, ал 2021 жылдан бастап 16 802 теңге болады.
- Екінші балаға 6,81 АЕК тағайындалады. Қазіргі уақытта ол 18 919 теңге, ал жаңа жылдан бастап 19 865 теңгеге жетеді.
- Үшінші балаға – 7,85 АЕК, 21 808 теңге еді, жаңа жылдан бастап 22 899 теңге болады.
- Төртінші және одан кейінгі нәрестелер үшін – 8,9 АЕК немесе айына 24 725 теңге болса, 2021 жылдан бастап бұл төлем 25 962 теңгеге дейін өседі.
Жұмыс істейтін аналар үшін ештеңе өзгермейді, өйткені бала күтімі бойынша әлеуметтік төлемдер әйелдің орташа жалақысына байланысты. Ең жоғары жалақы елде белгіленген жеті ең төменгі жалақыға тең. Ал ең төменгі жалақы өзгерген жоқ – 42 500 теңге.
Сонымен қатар, 2021 жылдың 1 қаңтарынан әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленетін мемлекет жарнасының мөлшері – жарнаны есептеу нысанынан 1,6 пайыз деп белгiлеу ұсынылды.
Пікір үстеу