8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Желтоқсан 2020 1578 0
Қоғам

БҚО-ДА «НҰРЛЫ ЖОЛ» БАҒДАРЛАМАСЫМЕН 269,2 ШАҚЫРЫМ ЖОЛ ЖӨНДЕЛДІ

2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жол» Мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2020 жылы Батыс Қазақстан облысында 269,2 шақырымдағы республикалық, облыстық және аудандық жолдары жөндеуден өтті. Қазіргі уақытта Елбасы тапсырмасын жүзеге асыру аясында республикалық маңыздағы, жалпы ұзындығы 245 км құрайтын «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайхын» автомобиль жолдарын жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

 

БҚО жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысы Бауыржан Айтмағамбетоватың баяндауынша, 2,4 млрд. теңге бөлінген қаражатқа «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы» және «Өнеге-Бисен-Сайхын» автомобиль жолдарында жұмыс жалғасуда. Ұзындығы  35 км құрайтын Чапай-Жалпақтал-Казталов-РФ шекарасы 157-192 км автомобиль жолының учаскесі бойынша жұмыстар толықтай аяқталып қолданысқа берілді.

1,8 млрд. теңге көлемінде бөлінген қаражатқа, жалпы ұзындығы 76 км құрайтын, «Самара-Шымкент» (215-251 км, 36 км) және «Чапай-Жалпақтал-Казталов-РФ шек.» (17-57 км, 40 км) автомобиль жолдарына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

– Облыстық маңыздағы автомобиль жолдарында бөлінген 2,7 млрд. теңге қаражатқа Бөрлі-Ақсай-Жымпиты 139-159 км  (2019 жылдан ауыспалы) учаскесіне күрделі жөндеу жұмыстары жалғасты. Жыл қорытындысы бойынша 15 км жолға жөндеу жұмыстары жүргізіліп 10 км жолы қолданысқа берілді (139-149 км учаскесі).  Орал-Кирсанов автомобиль жолында бөлінген 616,028 млн.тг көлеміндегі қаражатқа Бәйтерек ауданындағы Быковка, Ембулатовка, Рубежка өзендері арқылы өтетін көпірлердің күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатыр және «Федоровка-Ақсай» автомобиль жолындағы 6 су өткізгіш құбырлары күрделі жөндеуден өтті. Сонымен қатар бөлінген 2,8 млрд. теңгеге  Тасқала-Аққурай-Болашақ-РФ шекарасы 0-96км автомобиль жолының учаскесіне орташа жөндеу жұмыстары аяқталды. Аудандық маңыздағы жолдарда 112,9 км жол жөндеуден өтті, – деді басқарма басшысы.

Нақтырақ айтқанда,  Ақжайық ауданындағы Жайык, Алғабас, Ілбішін ауылдарына кірме жолдарының күрделі жөндеу және Жанабұлақ ауылына кірме жолының орташа жөндеу жұмыстары жасалды, Бәйтерек ауданына қарасты Переметное-Цыганово, Переметное-Вечное автомобиль жолдары  мен Достық және Белес ауылдарына кірме жолдарының орташа жөндеу жасалды, Жәнібек ауданына қарасты Жәнібек-Таловка-Кіші өзен (2-27 км учаскесі) және Ұзынкөл ауылына кірме жолын орташа жөндеу, сонымен бірге Сырым ауданындағы Тоғанас ауылына, Тасқала ауданындағы Мерей ауылына, Теректі ауданындағы Новопавлов ауылына кірме жолдарының орташа жөндеу жұмыстары жасалған.

2020 жыл қорытындысы бойынша  жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті жолдарының үлесі – 34 пайызға жетті.

2021 жылы республикалық маңызы бар автомобиль жолдарына 20,0 млрд.теңге бөлінбек. Оған «Казталов-Жәнібек-РФ шекарасы» мен «Өнеге-Бисен-Сайхын» автомобиль жолдарында жұмыстар жалғасын табады. Сондай-ақ облыстық, аудандық маңыздағы жолдардың құрылысы жалғасады.

– 2021 жылға облыстық және аудандық маңызы бар автожолдарына барлығы 1,3 млдрд. теңге қарастырылып отыр. Бұл қаражатқа ұзындығы 50 км құрайтын «Барбастау-Ақжайық-Индер» автомобиль жолының қайта жаңғырту жұмыстарын бастау жоспарлануда. Шыңғырлаудың Ащысай ауылына, Бөрлі ауданының Пугачев ауылына, Бөкей Орданың Бисен ауылына, Жәнібек ауданының Жасқайрат ауылына автомобиль жолдарында жұмыстар жүргізу жоспарлануда. Бұл жұмыстарға қаражат бөлінді. Сонымен қатар аудан әкімдіктерімен бірлесе жобалық-сметалық құжаттамалар дайындалуда, – деді Бауыржан Есқайырұлы.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ, 

zhaikuni.kz

 

 

 

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
105 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
325 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
811 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1187 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1107 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1548 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2163 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2330 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2337 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2387 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2390 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2024 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2872 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2925 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2922 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3530 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3501 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3489 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3468 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3629 0
Бәрекелді!
АҚЖАЙЫҚТА ӘДЕБИЕТШІЛЕР ҮЙІ АШЫЛДЫ
10 Қазан 2024
3675 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»