8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
15 Желтоқсан 2020 2391 0
Қалалықтар қаперіне

ТӘУЕЛСІЗДІК МЕРЕКЕСІ ҚАРСАҢЫНДА ҮШ АЗАМАТ «ОРАЛ ҚАЛАСЫНЫҢ ҚҰРМЕТТІ АЗАМАТЫ» АТАНДЫ

ҚР Тәуелсіздігі күні мерекесіне  орай бүгін, 15 желтоқсан күні Орал қаласы әкімдігінде  өткен салтанатты жиында өңірдің  дамуында  үлесі бірқатар азаматқа «Орал қаласының Құрметті  азаматы» атағы берілді. Сондай-ақ жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғарғы көрсеткіштері үшін бір топ азамат мерекеге орай «Батыс Қазақстан облысының «Құрмет грамотасымен», «Орал қаласы әкімінің  Құрмет грамотасымен» марапатталды.

Жиында Орал қаласы әкімі  Абат Шыныбеков қатысушыларды  ҚР Тәуелсіздігі мерекесімен құттықтады.

– Тәуелсіздік жылдарында мемлекетіміз тарихи дамудың жаңа белесіне көтерілді. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлар бойы аңсаған арманының жүзеге асқанына биыл 29 жыл болды. Қол жеткізген тәуелсіздігімізді баянды ету жолында үлкен жұмыстар атқарылды. Қазақстан серпінді дамыған ел ретінде әлемдік аренадан өз орнын еншіледі. Бұл қазақстандықтардың қажырлы күш-жігері және тынымсыз еңбегінің арқасы деп білеміз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев кешегі өткен салтанатты рәсімде «Алдағы жыл – межелі кезең. Бұл жыл ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында өтеді.Бұл өткенге көз жүгіртіп, қорытынды жасайтын уақыт. Біз еліміздегі саяси жаңғырту үдерісін жалғастыра береміз. Сондықтан мемлекеттің күнделікті іс-әрекеті азаматтардың тұрмыс сапасын жақсартуға бағытталады» – деген болатын. Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына қадам басқан кезеңде біздің қаламыз да толайым табыстар мен жетістіктерге қол жеткізіп, айтулы белестерді бағындырды.Тәуелсіздік алғаннан бері біздің қаламыз үздіксіз даму үстінде. Әлеуметтік-экономикалық ахуалы артып, қалада құрылыс қарқын алып, көптеген нысандар бой көтерді. Аз уақытта жаңа шағын аудандар салынып, көне шаһарымыз көркейіп, абаттандырылды, – деді қала басшысы Абат Абайұлы.

Деректерге сүйенсек, тәуелсіздік алған жылы Орал қаласында тұрғындар саны 214 мыңға жуық болса, қазір қалада 317 мыңнан астам халық бар. Осы жылдар ішінде облыс орталығында 17  мектеп салынып, 16 мемлекеттік, 67  жеке балабақша, екі қосымша білім беру  ұйымы  пайдалануға берілген. 1991 жылы Орал қаласында 31 мың оқушы болған болса, қазіргі уақытта қала мектептерінде 53 мыңнан аса оқушы білім алуда, балабақшаларда 15  мыңдай балғын тәрбеиеленуде. Тұрғындардың денсаулығын нығайту мақсатында  үш  аурухана мен екі емхана салынған. Оған қоса күні бүгінде 200 кереуеттік  жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталды. Тек кейінгі бес жыл ішінде мемлекеттік  бағдарламалар арқылы 33 көпқабатты үй тапсырылған. Бұл шамамен 4600 пәтер. Оның 1700-і әр түрлі санат бойынша  кезекте  тұрған азаматтарға берілді.  Ауыл шаруашылығы саласында жаңа бастамалар қолға алынып, тұрғындарды әлеуметтік қолдау бағытында бағдарламалар жүзеге асырылды. Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары арқылы Орал қаласында бұл сектор белсенді дамуда. Бүгінде  қалада  30 мыңнан аса шағын және орта  бизнес субъектісі тіркелген. Қаладағы автокөлік жолдары 615  шақырым болса, оның 436 шақырымы, яғни 70,8 пайызы асфальт және қатты жабынды. Көпқабатты тұрғын үйлер аулаларын абаттандыру жылдан жылға жалғасып, жаңа ойын және спорттық алаңдар салынуда. Шаһар басшысы Абат Шыныбеков бұл жетістіктер оралдықтардың жұмысының  нақты нәтижесі екенін атап өтті.

– Мұның бәрі біздің тынымсыз еңбегіміздің, бейбітшілік пен бірліктің, биік мақсаттарға ұмтылысымыздың  жемісі. Бұдан әрі де  Орал қаласының  гүлденуі үшін айрықша үлес қосасыздар деп сенемін. Биыл еліміз үшін күрделі жыл болды. Әлемді шарпыған пандемия біздің қаламызды да айналып өтпеді. Осы орайда тұрғындардың денсаулығы мен өмірін сақтау мақсатында бар күш-жігерімізді біріктірдік. Тосыннан келген кеселдің халық маңыздылығын түсініп, жұдырықтай жұмылды. Волонтерлер мен жанашыр азаматтар 3000-нан аса отбасыға азық-түлікпен, дәрі-дәрмекпен, шаруашылық-тұрмыстық материалдармен көмектерін көрсетті. Осындай күрделі сәтте қаладағы медициналық, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, әскери қызметшілер, кәсіпкерлер және волонтерлер зор жауапкершілік пен асқан табандылық танытты. Сіздерге қалыптасқан жағдайға бей-жай қарамай, үлгі боларлық іс көрсеткендеріңіз үшін алғысымды білдіремін, – деген қала әкімі Абат Абайұлы мерекеге  орай лебізін білдіріп, одан соң марапаттарды табыс етті.

«Қаланың құрметті азаматы» атағын беру Ережесіне сәйкес Орал қаласы әкімінің ұсынысымен, Орал қалалық мәслихатының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №55-5 шешіміне сәйкес өңіріміздің игілігі мен дамуы жолында түрлі салада табысты еңбек еткен Қазақстан Жазушылар Одағының, Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі, Қазақстанның Құрметті журналисі. «Ерен еңбегі үшін» медалінің, Халықаралық «Талант сыйлығының иегері, ҚР Мәдениет саласының үздігі  Айтқали Нәріковке, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау ісінің үздігі, Қазақстан Республикасы Білім беру саласының құрметті қызметкері, тіл жанашыры, Медицина саласының мамандарын даяралауда кәсіби шеберлікпен табысты еңбек етіп жүрген Мақсот Бергенге, қаланы абаттандыру жұмыстарына белсене  атсалысып, соғыс және еңбек ардагерлеріне қайырымдылық көмегін ұсынып жүрген азамат, өндіріс саласында еңбек етіп, шебер қызметінен бас директорылыққа  дейін жеткен, өндіріске жаңа технологияны енгізуде бастамашы болған «КазАрмапром» ЖШС-ның бас директоры Станислав Качалоға «Орал қаласының құрметті азаматы» атағы берілді.

Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай Қазақстан Республикасы және инфрақұрылымдық даму министрлігінің «Құрметті жолшы» төсбелгісімен Алдабергенов Абай Қылышұлы марапатталады.

Батыс Қазақстан облыстық мәслихатының шешімімен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай түрлі салаларда аянбай еңбек етіп, өз лауазымдық міндеттерін мүлтіксіз орындап жүрген азаматтар жұмыс барысында қол жеткізген табыстары мен жоғарғы көрсеткіштері үшін Батыс Қазақстан облысының «Құрмет грамотасымен» марапатталады. Олардың қатарында «Батыс Қазақстан электр желілерін таратушы компаниясы» АҚ қалалық электр жүйелерінің бастығы Рүстем Майранов, «Батыс су арнасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің жөндеу-механика цехының токарі Константин Изотов, «Жайықжылуқуат» акционерлік қоғамы жылу желілерінің авариялық-диспетчерлік қызметінің диспетчері Қуанышқали Имашев, Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бас бухгалтері Әлия Ерғалиева, Орал қаласы білім беру бөлімінің оқу-өндірістік комбинатының директоры Мұхтар Есболатов, А.Байтұрсынов атындағы №10 орта мектебінің директоры Сансызбай Кенжеков, Орал қаласы №4 «Березка» бөбекжайының директоры Жанар Хаирова, Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарына арналған дағдарыс орталығының заңгері Мариэтта Дәулетиярова, Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің сектор меңгерушісі Айша Аяшева, Орал қаласы халықты жұмыспен қамту орталығының сектор меңгерушісі Нұргүл Қадерова, «МЖБК Строй» ЖШС директоры Семен Кустанович, «Назар аудар» комедия театрының актері және жетекшісі Азамат Аленов, «Солнечный Уральск» қайырымдылық қорының директоры Ғалия Бекқожиева, Орал қаласы білім беру бөлімінің Мектептен тыс жұмыс орталығы директорының міндетін атқарушы Шаттық Өтебалиева бар.

Сонымен қатар Орал қалалық мәслихаты сессиясының 2020 жылғы 14 желтоқсандағы №55 шешіміне сәйкес Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай, бірнеше азамат «Орал қаласы әкімінің Құрмет грамотасымен» марапатталды. Олар – «Балзия» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің басшысы Балзия Евенеева, Орал қалалық бағбандық-бақшашылар қоғамы» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Андрей Заозеров, Орал қалалық ішкі саясат бөлімі Қоғамдық саяси және ақпараттық-талдау секторының бас маманы Анаргүл Сисенова, Орал қаласы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі «Жастар мәдениет үйі» МКҚК вокалды аспаптар ансамблінің әншісі Рүстем Кереев, Орал қаласының білім беру бөлімінің мектепке дейінгі, қосымша білім беру және тәрбие секторының меңгерушісі Жазира Рысқазиева, Орал қаласының білім беру бөлімінің әдіскері Антонина Бегалиева, Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының орынбасары Қанат Өмірәлиев, «ОралҚұрылысЖөндеуСервис» ЖШС директоры Нұрлан Акатов, Орал қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімі «Орал» спорт клубының директоры Искабыл Жалмұрзиев, «Орал қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдаламалар бөлімінің зейнеткерлер мен мүгедектерге әлеуметтік қызмет көрсету аумақтық орталығы» МКМ директоры Арман Дәулетов, Орал қаласы әкімдігі халықты жұмыспен қамту орталығы директорының орынбасары Айнұр Қазмұханова, Орал қаласы қаржы бөлімі ұйымдастыру секторының бас маманы Сәуле Нұрымқанова, Орал қаласы қаржы бөлімі басшысының орынбасары Самал Такеева, Орал қаласының кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі аналитика және баға мониторингі бөлімінің бас маманы Ардақ Жұмашева, «ОралЗемТрубСервис» ЖШС директоры Алек Көбеев, «Селена-Уральск» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қаржы директоры Олег Глотов, «Жас Отау» ЖК кәсіпкері Жоламан Дүйсенбаев, Орал қаласының экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімі Экономикалық саясат және жергілікті бюджет кірістерін болжау секторының меңгерушісі Жанар Жұмасұлтанова, «Алия-Сервис» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің құрылыс учаскесінің мастері айдын Ғайниев, зейнеткер Рафхат Бахтияров, Орал қаласының тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің Тұрғын үй қатынастар орталығының басшысы Нарима Мұстиев.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
2 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
119 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
341 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
828 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1206 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1119 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1565 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2180 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2347 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2353 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2405 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2407 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2036 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2888 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2941 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2937 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3548 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3519 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3506 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3484 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3645 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»