8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Желтоқсан 2020 1131 0
Қоғам

ЕЛБАСЫ ҚОРЫНАН СЫЙ

Бүгін Нұрсұлтан Назарбаев қорының бастамасымен      «Тәуелсіздік жолын жалғастырар ұрпақ» онлайн-жастар форумы өтті. Салтанатты іс-шара Қазақстанның барлық аймақтарында бір мезетте ұйымдастырылды. Шарада Елбасының «Ел үміті» және «Қамқорлық» жалпыұлттық бастамалары жобалары қорытындыланды. Онлайн форумға Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев арнайы қатысты. 

Нұрсұлтан Назарбаев қоры Елбасының «Қамқорлық» бастамасын іске асыру шеңберінде инклюзивті қолдау үшін оңалту орталықтары мен кеңселерін ашты. Қазақстанда  89000 ерекше күтімге мұқтаж және 150000 ерекше білім беруді қажет ететін бала бар. Бастама аясында, ең алдымен ерекше қажеттіліктері бар балаларға арналған мекемелер тапшылығын толтыру міндеті қойылған. Осылайша, республиканың сегіз облысының ауруханаларында 8 оңалту орталығы және 16 инклюзивті қолдау бөлмелері ашылды.

Орал қаласында «Облыстық көпсалалы балалар ауруханасы» базасында облыста баламасы жоқ «Қамқорлық» оңалту орталығы жұмысын бастады. Бұл Тұңғыш Президент Қоры мен «Самұрық-Қазына» қорының қолдауымен пайда болған Қазақстандағы сегіз орталықтың бірі. Оңалту орталығының меңгерушісі Жадыра Сәрсенғазиеваның айтуынша, орталықтың жалпы ауданы 590 шаршы метрді құрайды. Науқастар мен оларды күтушілеріне ыңғайлы болуы үшін аурухананың бірінші қабатында орналасқан.

 

– Орталықта жылына 600 балаға емдік көмек көрсетеміз. Соның ішінде 50 балаға 21 күннен емдеу курсын жүргіземіз.  Туабітті тірек-қимыл аппараты бұзылған және басқа да жүйке жүйесінің аурулары бар мүмкіндігі шектеулі балалар арнайы құрылғылармен жаттығады. Осы орайда жергілікті 29 маман  Нұр-Сұлтан қаласындағы орталық клиникадан алты айлық курстан өтіп келді. «Елбасы» қоры кадрларды даярлауға үлес қосты, – дейді Жадыра Шүкірғалиқызы.

«Қамқорлық» орталығы жалпы құны 175 миллион теңгені құрайтын Канада, АҚШ, Германия және Ресейде жасалған заманауи жабдықтармен  қамтылған. Салтанатты шарада Елбасы онлайн-орталығын қабылдады.

Облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев өңірімізде алғаш рет ашылып отырған орталық 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналғанын жеткізді.   – Болашақта бұл тәжірибені басқа аудандарға да таратуымыз керек. Облысымыз үшін ең қажетті орталық. Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, науқас балалар қоғамға тез бейімделіп, дені сау балалармен бірге қалыпты өмір сүреді. Біз сол нәтижеге жетуіміз керек, – деді Мұхтар Наурызбайұлы.

Өз кезегінде көпбалалы ана Мөлдір Темірғалиева осы орталықты ашуға себепкер болған Елбасыға шынайы алғысын білдірді.

                     Жасым – 32-де. Алты баланың анасымын. Бес жасар Осман атты ұлым ерекше күтімді қажет етеді. Бүгінде «Бизнес бастау» арқылы өз кәсібімді бастап, грантқа ие болып, түрлі тәттілер пісіремін. Отбасымның нәпақасын адал еңбекпен тауып келемін. Біздің балаларымызға арналған оңалту орталығының өз облысымыздан ашылуы күтпеген жағдай. Бұған дейін Нұр-Сұлтан қаласына жолдаманы айлап, жылдап күтетінбіз. Бүгін мен секілді бала өсіріп отырған аналардың қуанышы еселенген күн болды, – деді Мөлдір Төлегенқызы

«Қамқорлық» бастамасының жобалары инклюзивті қоғамды дамыту жөніндегі әлеуметтік бағыт, оның мақсаты – барлық азаматтар үшін тең жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау болса, «Ел Үміті» – елдің талантты балалары мен жастарын анықтауға және қолдауға, кәсіби мамандарды дамытуға бағытталған игі бастама. Осы орайда онлайн форумда «Ел үміті» бастамасының белсенді қатысушылары мен жүлдегерлері марапатталды.  «Елбасы медалі» жобасының қола медальдары табысталып, ауыл оқушыларына арналған «Мың бала» ұлттық олимпиадасының жеңімпаздары  анықталып, халықаралық олимпиадаларда жеңіске жеткені үшін «Ел мақтанышы» сыйлығы иелеріне тапсырылды.  Облыс бойынша «Мың бала» олимпиадасының І кезеңіне ауыл мектептерінің 9 мыңнан астам 5-6 сынып оқушылары және II кезеңіне 200 оқушы қатысқан. Олимпиада қорытындысы бойынша 92 бала жеңімпаз атанып, олимпиаданың нәтижесі бойынша Республикалық физика-математика мектебіне 3 оқушы қабылданса, 18 оқушы облыстық мамандандырылған мектептерде оқуға мүмкіндік алған.

Сондай-ақ, «Елбасы медалі» бағдарламасына облыс бойынша 14-23 жас аралығындағы балалар мен жастардан барлығы 215 адам қатысып, республикалық комиссияның шешімімен 33 жас «Елбасы медалі» қола ерекшелік белгісі жеңімпазы атанған.  Жеңімпаздарды алдағы жыл басында облыстық білім басқармасы марапаттайтын болады.

Бұл күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев «Елбасы медалі» жеңімпазы Орал қаласының №28 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы Аида Батырға, «Мың бала» олимпиадасының жеңімпаздары Сырым ауданы, Қоскөл ауылы, Сырым орта мектеп-балабақша кешенінің 5 сынып оқушысы Дарын Раш пен Дарынды балаларға арналған Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернатының 6 сынып оқушысы Жансұлу Назарбаеваға марапаттарын табыстады. Қалған жеңімпаздарды салтанатты түрде аудан әкімдері құттықтайтын болады.  Барлық жүлдегерлерге «Елбасы Академиясы» корпоративтік қоры ноутбуктар жолдаған.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
78 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
147 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
380 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
862 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1240 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1143 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1599 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2215 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2380 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2387 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2438 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2443 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2058 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2922 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2976 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2970 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3583 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3551 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3542 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3518 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3678 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»