8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
11 Желтоқсан 2020 3411 0
Қалалықтар қаперіне

ӨКІНБЕЙІК, ӨМІРДЕ!

 

Бүгін, 11 желтоқсан күні жазушы, Қазақстан Жазушылар одағы және Журналистер одағының мүшесі, халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының иегері Мира Шүйіншәлиеваның «Өкініш» кітабының тұсауы кесілді. Мемлекеттік тапсырыспен басылып шыққан кітаптың тұсаукесері Ж.Молдағалиев атындағы Батыс Қазақстан облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында өтті. Маңызды іс шараға Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары С.Егізбаев, Орал қаласының әкімі А.Шыныбеков және өңірдегі ақын-жазушылар, кітапсүйер оқырман қатысты.

Әдеби кештің тұсаукесерінде облыс әкімі Ғали Есқалиевтің ыстық сәлемін жеткізген орынбасары Серік Егізбаев жазушыға шығармашылық табыс тілеп, оқырман іздеп оқитын осындай кітаптардың шыға беруіне, Жайық жұрты қаламгердің әдеби шығармаларын күтіп жүретініне басымдық берді.
– Кітап жазу – үлкен еңбек. Шығармашылық өнеріңізге Әбдіжәміл Нұрпейісов, Дулат Исабековтей ағаларымыз, өңіріміздегі Айтқали Нәріков, Жайсаң Ақбай, Ақұштап апамыз өз уақытында жоғары бағасын берді. Кітап жазу Әбдіжәміл ағамыздың шығармасының атауымен айтсақ «қанмен, термен» жазылатын еңбек. Бүгінгі кешке осы жағдайды түсінетін, сіздің шығармашылығыңызды жақсы көретін жандар жиналып отыр. Олардың қатарында біз де бармыз. Сізге шығармашылық табыс тілейміз, – деді Серік Рахметоллаұлы.
Орал қаласы әкімі Абат Шыныбеков Мира Хамзақызының сөз шеберлігі туралы айта келіп, жастарға ой салатын, рухани кемелденуіне үлес қосатын кітап үшін алғыс айтты. Сондай-ақ Тәуелсіздіктің алғашқы кезеңдерінен бастап қаланың үні болып келе жатқан «Жайық үні» газетінің басы-қасында жүрген еңбегін ерекше атап өтіп, алғыс хат табыс етті.
Жазушының «Өкініш» кітабы 2014 жылы Алматы қаласындағы «Жазушы» баспасынан шығып, оқырмандарға жол тартқан еді. Қазақстан Жазушылар Одағында өткен әдеби жыл қорытындысында жақсы бағаға ие болып үлгерді. Ал биылғы жылдың сәуірінде атақты сыншы, әдебиет зерттеушісі Бақыт Сарбалаұлы республикалық «Жұлдыз» журналында «Мираның махаббаты» атты көлемді мақала жазып, «Өкінішті» роман деп бағалаған. «Ол шынында да бүгінгі күннің байсалды прозасы, қазіргі әдебиетіміздің әдемі де әлеуетті үлгілеріне жатады десек те жарасады екен» деп келтіреді сыншы. Мазмұны шым-шытырық оқиғалармен өріліп, қызықты әрі тартысты сюжеттерге толы көркем шығарма оқырманның жүрегінен орын тауып, араға алты жыл салып қайтадан оралды. Бұл жолы – ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мәдениет және өнер саласындағы бәскелестікті жоғарылату, қазақстандық мәдени мұраны сақтау, зерделеу мен насихаттау және мұрағат ісінің жүзеге асырылу тиімділігін арттыру» бағдарламасы «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін сатып алу, басып шығару және тарату» кіші бағдарламасы бойынша жарық көріп отыр. Алматыдағы «Қазақ» баспасынан жарық көрген шартты баспа табағы 30, 5, қалыбы 60х90 және 500 беттен тұратын мұқабасы қалың кітап 3000 тиражбен 14 облыстың кітапханаларына тегін таратылды.
Жаңа кітаптың тұсауын кесу құрметі – жазушының қолдаушы апасы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, мемлекеттік сыйлықтың иегері Ақұштап Бақтыгереева, қаламгерді насихаттаушы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР еңбек сіңірген қызметкері Шалқыма Құрманалина, БҚО әкімінің орынбасары Серік Егізбаев және БҚО бойынша Қазақстан Жазушылар одағы филиалының төрағасы Бауыржан Халиоллаға тапсырылды.
– Бұл – дұрыс кітап. Әркімнің ақшаға жалданып жазып жатқан әкесі, көкесі, бөпесі жайлы емес, бұл – дұрыс шығарма. Прозада қалам ұстаған бір сауатты жазушы қыз болса, ол – Мира Шүйіншәлиева. Республика көлемінде, жалпы әдебиетте қазақ қыздары көп емес қой, білесіздер. Проза жазу, кітап жазу – оңай шаруа емес. Оның үстіне газет шығарады. Мира адамдар тағдырын, қазақ қызының, әйелінің басынан өтетін сезімін қозғап жүрген қаламгер. Әттең, бүгін кітап оқитындар аз… Біздің өнер тарихымызда балалары әкесінің атын шығара алмайтын жағдайдың өзінде Байсейітова Күләш деген күйеуінің фамилиясын тарихта жазып кетті. Көше атауы, мектеп атауы берілді. Ал қасымызда жүрген Мира туралы да осылай айта аламыз. Жұрт ойлайды: «иә, кешегі көрген Мира». Ол сүйген жарымен азғантай уақыт өмір сүрген, әттең. Содан қалған жалғыз қызды өсіріп, соның фамилиясын тарихқа жазып отыр. Бұл – «ерлік» деп аталады, меніңше, – деген Ақұштап Бақтыгерейқызы Мира Шүйіншәлиеваға «қазақ әйелінің жанын жазған жазушы» атануына тілектес екенін жеткізді.
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Шалқыма Құрманалина 2014 жылы «Өкініш» кітабы шыққан кезде алдымен өзі оқып, одан соң 50 данасын сол уақытта өзі басшылық еткен Ж.Досмұхамедов атындағы педаогикалық колледж кітапханасына алдыртқан.
– Мақсатым – осы кітапты оқып, қыздарымыз, ұлдарымыз ойлансын дегенім еді. «Өкініш» кітабы туралы сол кезде кітапханаларда, дүкендерде шаң басып жатпайды, оқырманы көп болады деген едім. Міне, мемлекеттік тапсырыспен шығуы да соның бір дәлелі. Бұл – үлкен дәреже. Кітаптың одан да биікке ие болатындай жағдайы бар. Әр түрлі тілдерге аударылатын кітап болсын деп тілеймін, – деген ізгі лебізін білдірді Шалқыма Хайроллақызы.
БҚО бойынша Қазақстан Жазушылар одағы филиалының төрағасы Бауыржан Халиолла нәзік жанды әйел жазушылардың ішінде Мира Шүйіншәлиева өз орнын, бағасын ойып тұрып алғанын атап өтіп, кітаптың елге жетер еңбек болуына ниеттес екенін жеткізді.
Әдеби кешке келген Құрманғазы атындағы саз колледжінің директоры, домбырашы, ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері Нұржан Сертеков пен осы оқу орнының оқытушысы, белгілі әнші Мұрат Аманшиев ән шашуларын тарту етсе, Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының әртісі Хорлан Шәмелова мен Нұржиян Хасанова автордың «Тақсырет» хикаясы мен әңгімесінен монолог оқыды. Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармонияның әншісі «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісінің иегері Майра Хайдарова Мира Шүйіншәлиеваның сөзіне Ғ.Қибашев пен Қ.Қисметов ән жазған «Сағындым туған жерін» орындады.
Батыс өңірінің әдеби мұрасын зерттеуде кейінгі үш жылдан бері Жайықтағы ақын-жазушылардың шығармаларына қатысты ғылыми-жобалармен айналысып жүрген М.Өтемісов атындағы БҚУ-дың доценті, философия ғылымдарының докторы А.Ақболатов пен шәкірті, магистрант Нұрия Оңқалбаева автордың шығармалары туралы зерттеулерімен бөлісті.
Кешті қорытындылаған автор Мира Шүйіншәлиева оқырмандарына алғысын айтып,
– «Басы қатты болса, аяғы тәтті болады» деген сөз рас екен. Бұл «Өкініш» 2014 жылы азаппен шыққан еді. Бірінші басылымда Мөңкеұлының шығармасы еніп кетіп, пойызбен кері жөнелтуге тура келді. 2013 жылы «Служак» әңгімем «Егемен Қазақстанға» басылып шыққанда Абат Есенғалиев ағамыз оқып, «осы әңгіме кітапқа енсе, демеуші боламын» деп бастама көтеріп, ел азаматтары В.Качало, В.Мұқатаев, А.Қабанов, Қ.Қощановтар демеушілік жасады. Марқұм С.Шарабасов ағайым тұсауын кесіп берген еді. Сол кезде Шалқыма апай «бұл кітабыңның ғұмыры ұзақ болады» деген еді. Алғашқы шыққан «Махаббат бағымды» Ақұштап апама апарғанымда «Мира, сен бұдан да қалың кітаптар жазасың» деген еді. Апаларымның осындай тілегі қабыл болды, – деген автор төл туындысы «Тілек» өлеңімен ел-жұртына татулық пен амандық тіледі. Жазушы кешін Өкінбейік өмірде, Адаспайық өмірде деп түйіндей келе, қонақтарына жаңа форматта шыққан мұқабасы қалың әрі көрнекті безендірілген «Өкініш» кітабын сыйға тартты.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

Рафхаттың фотолары

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
78 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
147 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
380 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
862 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1240 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1143 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1599 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2215 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2380 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2387 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2438 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2443 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2058 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2922 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2976 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2970 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3583 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3551 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3542 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3518 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3678 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»