ГОЛДБЕРГ МАШИНАСЫНАН НОБЕЛЬ СЫЙЛЫҒЫНА ДЕЙІН – Назарбаев Зияткерлік мектептерінің отбасылық жобалары
Назарбаев Зияткерлік мектептерінде Голдберг машиналарын құрастыру бойынша инженерлік шығармашылық желілік байқаудың нәтижелері белгілі болды. STEM-білімдерін практикалық тұрғыда жүзеге асыруға арналған желілік байқауда балалармен бірге алғаш рет ата-аналар да қатысты. «Ең бірегей шешім» арнайы аталымында Орал қаласындағы Зияткерлік мектептен Әлихан Иденов пен оның командасы марапатталды.
Пандемия салдарынан балалардың инженерлік білімдері мен технологиялық жобалық шығармашылықтарын дамытуға бағытталған робототехникадан дәстүрлі олимпиадаларды өткізу мүмкіндігі жоқ кезеңде алғашқы Голдберг чемпионатын өткізу туралы шешім қабылданды.
Отбасылық командаларға берілген тапсырмалар да бүгінгідей пандемия уақытында өзекті әрі қисынды деуге тұрарлық – «Қолды зарарсыздандыру – денсаулық кепілі». Бұл қорытынды әрекеті мөлшерлегіш микробжойғыны басатын машинаны жобалау болып табылады.
– «Қолды зарарсыздандыру – денсаулық кепілі» тақырыбына байланысты біз антисептик машинасын дайындадық. Ағам екеуміздің машинамыз екі аптада жасақталды және оны жасау барысында біз жаңа құрылғыларды зерттедік. Біз рөлдерді өзара бөлдік, яғни біреуіміз сурет салумен айналыссақ, келесіміз дизайнын жасадық. Алдымен қиын болды, өйткені біз неден бастарымызды білмей, бөлек қадамдар жасай бастадық, соңында біріктік, – дейді Әлихан.
Жас өнертапқыштар мен олардың ата-аналарына қойылған басты талап – машинаны қолданудағы жоғары қауіпсіздік. Әрбір отбасы онлайн форматта шынайы құрылған механизмді ұсынды, қашықтан баға беруші әділ қазылар алқасы бейнематериалдармен танысып, Голдберг машинасының алгоритмін ғана бағалап қойған жоқ, сонымен қатар топтағы бірлесіп жұмыс жасау ахуалын, инженерлік шешімдердің әдеттегіден тыс нұсқаларын, шығармашылық серпіндерін де назарға алды.
Голдберг машинасы жанама және тым күрделі тәсілмен қалыпты тапсырманы орындау үшін қарапайым материалдардан құралған күрделі конструкция ретінде танылған. Голдберг чемпионаттары мен лигалары бүкіл әлемге әйгілі.
Айта кету керек, жас зияткер робототехника мен авиамодельдеуден облыстық жарыстарда жеңімпаз атанып жүр.
Версия для печати
Пікір үстеу