КРУГЛООЗЕРНОЕ КЕНТІНЕН ЖЕР БЕРІЛЕДІ
Осыдан үш жыл бұрын «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Круглоозерный кенті аумағында жеке тұрғын үй құрылысына арналған 1141 жер учаскесіне егжей-тегжейлі жобалау жоспары дайындалып, бекітілген. Бүгінгі таңда аталған жер учаскелерін сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз етілгеннен кейін жер учаскелері кезекке сәйкес берілетін болады. Бұл туралы БҚО жер қатынастары басқармасының басшысы Мұрат Өмірәлиев айтып берді.

Мұрат Амангелдіұлының айтуынша, бұдан басқа өзекті мәселелердің бірі жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскесін беру бойынша бірқатар жұмыстар атқарылған. Осы жылғы 1 желтоқсандағы жағдайға сәйкес жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрған азаматтардың саны 104 191, оның ішінде Орал қаласы бойынша 72 437 азамат.
Өткен жылы жеке тұрғын үй құрылысы үшін облыс аудандарында 1 502 жер учаскесі берілсе, биыл аталған мақсатқа облыс аудандарында 366 жер учаскесі берілген (Ақжайық – 85, Бәйтерек – 40, Бөрлі – 139, Қазталов – 42, Тасқала – 18, Теректі – 37, Шыңғырлау – 5). Бүгінгі күні облыс бойынша «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 572 жер телімін беру жоспарлануда. 2017 жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Круглоозерный кенті аумағында жеке тұрғын үй құрылысына арналған 1141 жер учаскесіне егжей-тегжейлі жобалау жоспары дайындалып, бекітілген. Бүгінгі таңда аталған жер учаскелерді сумен жабдықтау жұмыстары жүргізілуде. Қажетті инженерлік желілермен қамтамасыз етілгеннен кейін жер учаскелері кезекке сәйкес берілетін болады. Сонымен қатар Қаратөбе және Теректі аудандарында жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелерін беру бойынша жұмыстар жүргізілуде, тиісті жұмыстар аяқталғаннан кейін Қаратөбе ауданы бойынша 144 жер учаскесі, Теректі ауданы бойынша 528 жер учаскесі табысталатын болады.
– Бұдан өзге облыстың 12 ауданы бойынша «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспар» жергілікті аудандық мәслихаттардың шешімімен бекітілді, оның ішінде тоғыз аудан бойынша 2019-2020 жылдарға арналған әзірленген жоспарлар, ал үш аудан бойынша (Тасқала, Жәнібек, Ақжайық) 2020-2021 жылдарға арналған әзірленген жоспарлар БҚО Әділет департаментінде нормативтік-құқықтық акт ретінде тіркелген. Облыс бойынша аудандарда 2021-2022 жылдарға арналған «Жайылымдарды басқару және оларды пайдалану бойынша жоспарлар» әзірлеу бойынша ауылдық округтер бөлінісінде жұмыстар жүргізілуде. Облыс бойынша жергілікті атқарушы органдар тарапынан түгендеу жүргізу нәтижесінде пайдаланылмай жатқан жерлер анықталып, мемлекеттік меншікке қайтарылды. Бұдан әрі елді мекендерде жергілікті халықтың малын ұстау үшін жайылымдық алқаптармен қамтамасыз ету және оларды елді мекендер жері санатына ауыстыру бойынша жұмыстар жүргізу жоспарлануда, – деді басқарма басшысы.
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу