8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Желтоқсан 2020 1139 0
Қалалықтар қаперіне

БҚО ӘКІМІ Ғ.ЕСҚАЛИЕВ АУЫР НАУҚАСҚА ШАЛДЫҚҚАНДАРҒА ЖАҒДАЙ ЖАСАУ МАҚСАТЫНДА ХОСПИС АШУДЫ ҰСЫНДЫ

Фейсбуктағы «Бизнес в Уральске и Западно-Казахстанской области» парақшасына  жазба қалдырған БҚО әкімі Ғали Есқалиев өңір кәсіпкерлерінің назарына жаңа жобаларды ұсынды. 
На изображении может находиться: один или несколько человек и люди сидят
«Сіздерге жаңа жобалар ұсынғым келіп отыр. Бірақ оны сәтті жүзеге асыру үшін білікті мамандар мен жауапкершілігі мол, жанашыр азаматтар қажет. Біздің облыста ондай азаматтар бар екенін білемін. Өйткені жақында кәсіпкерлермен кездесу барысында мүмкіндігі шектеулі адамдарды қалыпты өмірге бейімдеу бағытында тәжірибесі бар адамды жолықтырдым.
Ол осы тақырыптағы жобаны іске асыру бойынша бағыт беруге, жүзеге асыруға көмектесуге және сол арқылы қоғамның мәселелерін шешуге өз үлесін қосуға дайын екендігін жеткізді. Сондықтан мен жаңа жобалар бойынша ұсыныстарды осы парақшаға орналастыратын боламын» деп жазды Ғали Нәжімеденұлы.
Ғали Есқалиев атап көрсеткендей, осындай жобалардың негізгі принциптері:
1. Көмекті қажет ететін адамдардың мәселелерін шешуге мүмкіндік береді;
2. Аталған жобаларды мемлекет ұзақ мерзім негізінде қолдайтын болады;
3. Жоба өзін-өзі ақтайды. Бірақ тиімділігі онша жоғары болмайды.
«Осылайша, адамдардың нақты мәселелерін бірлесіп шешуге көмектесетін жанашыр және білікті кәсіпкерлер бұл ұсынысқа құлақ асады деп үміттенемін. №1 ұсыныс – Орал қаласында хоспис ашу. Бұл жобаның мақсаты – онкологиялық ауруларға шалдыққан үмітсіз адамдарға мүмкіндігінше жақсы жағдай жасау. Жобаны іске асырамын деушілерге мемлекет өз тарапынан төмендегідей қолдау көрсетпек. Онкологиялық диспансердің жанында орналасқан 1977 жылы салынған, ауданы 918 ш.м., ғимаратты жеңілдік шарттарымен берілетін болады. Қажет болса басқа ғимараттар ұсынылады. Ал инвестор өз кезегінде хосписке жабдық сатып алу, қызметкерлерді жалдау және қызмет көрсету сияқты міндеттемелерді алатын болады.
Инвестор жобаға жұмсалған қаражатты, мемлекеттік тапсырыс және қосымша коммерциялық қызметтер көрсету арқылы қайтара алатын болады» – деді облыс басшысы.
Егер жоба қызықтырған болса Тоқсанов Ерлан Виленұлына (онкологиялық диспансердің директоры) +7 777 791 46 05 хабарласуға болады.
Пікір қалдырушылар ұсыныстың құптауға лайық екенін жазуда.
zhaikuni.kz
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»