8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
07 Желтоқсан 2020 1136 0
Қалалықтар қаперіне

КӨЛІК ҚҰРЫЛЫМЫН ЗАҢСЫЗ ӨЗГЕРТКЕН 300-ГЕ ЖУЫҚ ЖҮРГІЗУШІ ЖАУАПҚА ТАРТЫЛДЫ

 Жыл басынан бері көлік құралдарының құрылымын заңсыз өзгерткені үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігіне сай 299 жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 5 млн. 156 мың 362 теңге айыппұл салынды. Осы ретте Орал қаласы Полиция басқармасы әкімшік полиция бөлімі көлік жүргізушілерін көліктерінің  құрылымдарын өзгертуде уәкілетті  органдардың келісімін алу процестерін сақтауға шақырады. 

Қазақстан Республикасының 1418-2016 Ұлттық СТ-ның 4-тарауының, 4.1-тармағына сай автомотокөлік құралдарының құрылымына өзгерістер енгізу мемлекеттік уәкілетті органның келісімімен және қадағалауымен жүзеге асады. Көлік құралының құрылымына өзгерістер енгізбес бұрын көлік иесі ішкі істер органдарына көлік құралына өзгеріс енгізуге сұраныс беруі және қайта жабдықтауға рұқсат (газбаллон жабдығын орнату, борттық платформ, фургон, контейнерлер және т.б.) алуы қажет.
Содан соң көлік құралдарының құрылымдарына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізуге рұқсаты бар лицензиялы ұйымдарға, сертификаттау органдарына жүгіну керек. Жұмыстар жасалғаннан кейін аталған органдардан барлық рұқсат беретін және растайтын құжаттар мен орындалған жұмыстардың актін алу керек.
Одан кейін Орал қалалық Полиция басқармасына  келіп, жол-техникалық инспекциясына тобынан қорытынды алып, қайта жабдықтағаныңыз туралы көлік құралын тіркеу куәлігіне өзгеріс енгізу үшін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгіну керек.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
53 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
102 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
58 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
286 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»