8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Желтоқсан 2020 1520 0
Өзек

ӘКІМДІКТЕГІ ҰРЫ

Мал ұрлығына қатысы бар деген күдікке ілінген Батыс Қазақстан облысы әкімі орынбасарының жүргізушісі қызметінен қуылды. Әкімдіктің баспасөз хатшысы да жүргізушінің ұрлыққа қатысы бар екендігін растады.

Ол қызметтік «Тойота» көлігімен ұрланған малды полиция бекетінен еш кедергісіз өткізіп жібермек. Бірақ айласы іске аспай, сыбайластарымен бірге қолға түседі.Аталған қызметкерге нақты бір қызметтік автокөлік бекітілмеген. Ол әкімдіктің шаруашылық басқармасында кезекші жүргізуші болып жұмыс істепті.

Облыстық полиция департаментінің дерегінше, 18 қарашада Ақжайық ауданындағы шаруа қожалығынан жайылымдағы бір бас сиырдың ұрланғаны туралы арыз түскен. Жедел іздестіру жұмыстары кезінде полиция төрт күдіктіні қолға түсіреді. Анықтай келгенде ұрылардың бірі аймақ әкімі орынбасарының жүргізушісі болып шықты. Қазір бұл қызметкер жұмысынан қуылған.

– Қазіргі уақытта олардың үшеуі уақытша ұстау изоляторына қамалды және біреуі ешқайда кетпеу туралы қолхат беріп, бұлтартпау іс-шарасы қабылданды. Және осы факті бойынша ҚР ҚК 188-бабына сәйкес тергеп-тексеру басталды,– деді БҚО ПД ресми өкілі Болатбек Белгібеков.

Айнара ИСА

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»