ҰЛТТЫҚ ҰЛАН ҚАТАРЫНА ШАҚЫРЫЛУШЫЛАРДЫҢ АЛҒАШҚЫ ЛЕГІ ОРАЛҒА КЕЛДІ
Күзгі әскерге шақыру науқаны аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөліміне Атырау облысынан 40 шақырылушының бірінші легі келді.

Әскери бөлімнің шеру алаңында оларды бөлімнің әскери оркестрінің дауысы салтанатты жағдайда қарсы алды. Полк командирі, подполковник Ербол Антай әскер қатарына шақырылушылармен амандасып, олардың әскери борышын абыроймен атқаруларына, дені сау және ер азаматқа тән қасиетттермен оралуларына тілектестік білдірді. Ұлттық Ұландағы уақыт әрқайсының өміріндегі маңызды кезең боларына сенім білдірді. Әскери бөлім командирінің тәрбие және әлеуметтік-құқықтық жұмыс жөніндегі орынбасары, подполковник Жәнібек Сәрсенов әскер қатарына алынушыларға әскери бөлімнің тарихы мен дәстүрлері туралы айтып, жас сарбаздар курсын өтеу тәртібі туралы хабардар етті. Алда жас жігіттерді дайындық бөлімшелерінде біріккен қару-жарақ жаттығу курсын күтеді, оны аяқтағаннан кейін олар әскери ант береді.
Алғашқы екі аптада жас сарбаздар карантиннен өтетінін атап өту керек. Ұлттық ұланның «Батыс» өңірлік қолбасшылығы баспасөз қызметінің жетекшісі, подполковник Ерболат Сұлтановтың айтуынша, казармада карантинге қажеттінің бәрі дайындалған. Дезинфекциялаушы сұйықтығы бар диспенсерлер орнатылып, сарбаздардың термометриясы үнемі жүргізіледі. Сондай-ақ психологиялық сараптама мен әлеуметтік зерттеулер жүргізіліп, жеке құрамның арақашықтығына және үй-жайларды үнемі дезинфекциялауға баса назар аударылады.Барлық келушілерге арналған карантиндік шаралардан кейін бөлімнің оқу пункті басталады. Оқу бағдарламасына мемлекеттік-құқықтық, жауынгерлік, дене, өрт және арнайы дайындық қызметтік және жауынгерлік қызметте пайдалану үшін қажетті пәндер кіреді.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу