ЖАС КЕЛСЕ, ІСКЕ
Бүгін, 2 желтоқсанда, таңертеңгі сағат 08.30 шамасында 2 ноутбук ұрлаған жігіт құрықталып, қылмыстың ізі суымай ашылды. Бұл туралы Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің хабарлады.

Абай полиция бөлімі ғимаратты күзету взводының полицейі лауазымынан тағылымдамадан өтуші Сырымбек Есенболатов түнгі қызметін атқарып, түнгі ауысымнан шығып келе жатқан беті екен. Абай даңғылы бойындағы «Евразия» аялдамасына жақындап, қоғамдық көлікке отыруға ыңғайланған сәтте екі ноутбукты қолтықтаған, барынша көрсетпеуге тырысқан, бас киімін бетіне дейін түсіре жапқан, жүрісі шапшаң күдікті азаматты байқайды. Сәл тұра қалып, түнгі ауысымда тіркелген қылмыстар мен құқық бұзушылықтардың қатарында саяжай қоғамындағы бір үйден ноутбук ұрланғаны есіне сап ете түскені. Оның үстіне таңмен осы қылмысты ашу үшін арнайы дайындалған бағдарды көзі шалып, ноутбуктің маркаларын есіне жаттап алған болатын. Осы жәйттер көз алдына келіп, бейтаныс азаматтың соңынан ілескен. Көпке ұзатпай тоқтатып, жаймен сұрастырғанда бейтаныс азамат ұрлық туралы ештеңе байқатпапты, әрі сытылып, бері сытылып ізін жасыруға тырысқан. Осы сәтте болашақ полицей Сырымбек Абай полиция бөлімінің кезекші бөлімшесіне, түнгі ауысымдағы әріптесі, жедел кезекші, полиция аға лейтенанты Рафаэль Ишақаевқа телефон шалады. Күдіктіні лезде жетектеп, полиция бөліміне жеткізеді.
1994 жылғы, Орал қаласының тұрғыны, азиат нәсілді, орта бойлы азамат полиция қызметкерлерінің алдына келгенде ұрлық жасағанын толықтай айтты. Қойынындағы қапсыра құшақтаған 2 ноутбукты үстел үстіне қойып, қала орталығындағы бір саяжай қоғамындағы жер үйдің терезесін сындырғанын, қолына іліккен жеке мүліктерді ұрлап, оқиға орынынан бой тасалағанын мойындады.
Сырымбек Есенболатовтың полиция қызметіне кіріскеніне 3 ай ғана болды. Ал мына іс өзінің қатысуымен ашылған алғашқы қылмыс. Абай Пб басшылары жас қызметкердің алдағы жұмыстарына сәттіліктер тілейді. Ұрлық фактісі тіркеліп, Абай Пб тергеу амалдарын жүргізуде.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу