8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қараша 2020 1068 0
Қоғам

ҚАРАТӨБЕЛІК ШАРУАЛАР 219,3 МЛН. ТЕҢГЕ КӨЛЕМІНДЕ СУБСИДИЯ АЛДЫ

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданында мал басы көбейіп келеді.  2019 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара – 23,9 пайызға, асыл тұқымды жылқы –  61,8 пайызға, асыл тұқымды қой малы – 3,8 пайызға көбейген.Бұл туралы бүгін өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған брифингте аудан әкімі Жанат Асантаев мәлім етті. 

2020 жылдың 1 қазанына аудандағы мүйізді ірі қара – 37181 басты, қой мен ешкі 84954 басты, жылқы – 10619 басты, түйе – 11 басты құрады. Биыл 3275 тонна ет, 8016 тонна сүт, 1,393 млн. дана жұмыртқа өндірілген.  Ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің көлемі 6 119,4 млн. теңгені құрап, өткен кезеңмен салыстырғанда 17,7 % артты.

– Ауданда асыл тұқымды мүйізді ірі қара мал өсіріп отырған 19 шаруашылық, асыл тұқымды жылқы өсірумен айналысатын 2 шаруашылық және асыл тұқымды қой малын  өсірумен айналысатын 2 шаруашылық бар. Асыл тұқымды мал басы  2019 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара -123,9 пайызды, асыл тұқымды жылқы -161,8 пайызды, асыл тұқымды қой малы -103,8 пайызды құрады, – деді Жанат Асылханұлы.

Ауданда уыл шаруашылығы саласының материалдық-техникалық базасы жаңартылып келеді. Ағымдағы жылы машина-тракторлық парктерді жаңарту мақсатында  26 трактор және 32 пішен-пресі, 12 шөп шабатын машина, 7 шөп тырмасы, 8 шөп тиегіш  сатып алынған. Аудан әкіінің  сөзінше, кейінгі бес жылда техникалық парк мемлекет тарапынан көрсетілген қолдаудың арқасында 25 пайызға жаңарды.

– 2020 жылы аудан шаруашылықтары өз ісін жандандыруға 477,9 млн.тг инвестиция салса, мемлекет тарапынан 219,3 млн.тг, оның ішінде мал шаруашылығына 126,7 млн.тг және инвестициялық салымдардың шығындарын өтеуге 92,6 млн.тг субсидия төленді, – деді аудан басшысы.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
38 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
86 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
78 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
80 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
75 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»