8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қараша 2020 1051 0
Қалалықтар қаперіне

МОДУЛЬДІК АУРУХАНА ҚҰРЫЛЫСЫ АЯҚТАЛУҒА ТАЯУ

Оралда тамыз айында құрылысы басталған модульдік жұқпалы аурулар ауруханасы қараша айының аяғында пайдалануға беріледі деп күтілуде. Бүгінде құрылыс жұмыстары аяқтала келген. Құрылысшылар аталмыш медициналық нысанның тез салынып жатқанына қарамастан инфекциялық бақылаудың барлық стандарттарға сай келетінін атап өтті.


Індеттің екінші толқынына дайындық аясында салынған аурухана 200 орынға шақталған. Модульдік кешен өзара галерея арқылы байланысқан бір қабатты бірнеше ғимараттан тұрады. Медициналық блокта әкімшілік үй-жайлар, лаборатория, компьютерлік томография және рентген, бронхоскопиялық жабдық, УЗИ және электрокардиография орналасқан. Медициналық мекеме қауіпсіздік деңгейі жоғары ақылды желдету жүйесімен жабдықталған. Палаталарда әрбір төсекте медбикені шақыру түймесі болады. Әр жұқпалы бокстар оқшауланған және тек арнайы чиптер арқылы ғана кіруге болады. Онда жергілікті медицина қызметкерлері жұмыс істейді. Олар бірнеше ай бойы қайтадан оқытылып сертификаттарға ие болған. Өңір басшысы Ғали Есқалиевтың айтуынша, ең маңыздысы – жаңа медициналық мекеме БҚО-дағы медициналық көмектің қолжетімділігі мен сапасын арттырады.
– Тез салынып жатқан 200 төсектік аурухана құрылысы 95 пайызға аяқталды. Және мұнда қажетті барлық заманауи құрылғылар бар. Аурудың екінші толқынынын жеңуге арналған шаралар толықтай қолға алынды. Оның үстіне «Біз зертханалар санын ұлғайттық. Қазір тәулігіне 2750-ге дейін зерттеу жасай алатын 8 зертхана бар. Облыста 7 жұқпалы аурулар стационары бар. Резервте 2028 төсек әзірленді. Облыстың медицина ұйымдары қажетті құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген. Медицина қызметкерлерінің тапшылығы жоқ, – деді облыс әкімі Ғали Есқалиев.
Айта кетейік, нысанның жалпы аумағы шамамен 9 мың шаршы метрді құрайды.

Айнара ИСА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»