8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
17 Қараша 2020 1132 0
Қоғам

«NUR OTAN» ПАРТИЯСЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ КОНФЕРЕНЦИЯСЫНДА ДАМУДЫҢ ЖЕТІ БАСЫМ БАҒЫТЫ БАЯНДАЛДЫ

Батыс Қазақстан облысы «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының сайлауалды бағдарламасында өңірдің дамуының жеті басым бағыты айқындалған болатын. «Nur Otan» партиясы БҚО филиалының кезектен тыс XXVI конференциясында сөз алған облыс әкімі, филиал төрағасы Ғали Есқалиев осы бағыттарға жеке-жеке тоқталып өтті.


-Алдағы уақытта өнеркәсіпті дамытуда отандық өндірушілерді қолдауда, бәсекеге қаблетті және импортты алмастыратын өнім шығаратын жаңа өндірістерді ашуға баса назар аударылатын болады. Ол үшін 177 инвестициялық, агроөнеркәсіптік кешенде 34 жобаны іске асыру жоспарлануда, нәтижесінде ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін 1,5 есеге арттыру көзделуде,-деді Ғ.Есқалиев.
Өңір басшысының айтуынша, кәсіпкерлікті дамыту мақсатында мемлекеттік қолдаумен жылына 270-тен астам жобаны қамту, 5 мыңнан астам шағын несие, жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 3 мың грант беруге де көңіл бөлінуде.
-Ауыл халқын ауыз сумен қамтамасыз етуді 100% жеткізу, 800 шақырымнан астам автожолдардың сапасын жақсарту, тұрғын үймен қамтамасыз етілу деңгейін жетілдіре түсу мақсатында бірқатар жұмыстар атқарылуда. Тұрғындарды баспанамен қамту үшін 2,5 млн.шаршы метрден астам тұрғын үй салынады,-деді облыс әкімі.
Мұнан соң облыс әкімі Ғали Есқалиев әлеуметтік бағдарланған өңір, жастарға арналған аймақ, тарихы мен мәдениеті бай аймақ, ашық және қол жетімді әкімдік, қауіпсіз аймақ секілді партияның басым бағыттарына жеке-жеке тоқталып өтті.
-Біздің партия өңір тұрғындарының үміттерін қанағаттандыру үшін барлық қажетті шараларды қабылдайды, халықтың барлық топтарының мүдделерін білдіреді және халық пен билік арасындағы байланыстырушы буын ретінде әрекет етеді. Бұл тек қана сайлауалды бағдарламаның басым бағыттары ғана. Алдымызға қойған мақсат-міндеттерге бірлесе қол жеткізетін боламыз!,-деді өңір басшысы Ғали Есқалиев.

Батыс Қазақстан облыстық «Nur Otan» партиясы филиалының баспасөз қызметі

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құрылтай-2026
Сайлаудың сәні – сайлаушылар
02 Тамыз 2026
76 0
Өңір жаңалықтары
Орал теміржол вокзалы салтанатты түрде ашылды
01 Тамыз 2026
114 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да «Жер Ырысы-2026» агрофестивалі өтуде
31 Шілде 2026
209 0
Құрылтай-2026
«Құрылтай – халық үні мен ел болашағы»
30 Шілде 2026
194 0
Өңір жаңалықтары
Оралда тарихи фильмнің түсірілімі жалғасуда
29 Шілде 2026
415 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»