«ҚҰС ФАБРИКАСЫНА» ЖОЛ ТӨСЕЛУДЕ
Орал қаласындағы бүгінде «Құс фабрикасы» аталып кеткен Зашаған бау-бақша серіктестігінің ішіне қоғамдық көліктер кіретін болады. Осы мақсатта Сарыарқа көшесіне жол төселуде.

Бұл саяжай аумағында қазіргі уақытта 10 мыңға жуық адам тұрып жатыр. Өткен жылы қала әкімдігі өкілдерімен кездескен серіктестік тұрғындары ауылға әлеуметтік құрылымдардың қажеттігін алға тартқан болатын. Бұл жер бау-бақша серіктестігіне тиесілі болғандықтан, заң тұрғысынан мемлекет есебінен инфрақұрылым жүргізілмейді. Дегенмен, тұрғындардың тілегі ескеріліп, қала әкімдігі инвестиция тарту арқылы балалар ойын алаңы және отбасылық емхана салынды. Ал мектеп мәселесі саяжайға жақын маңда орналасқан халыққа қызмет көрсету орталығы аумағындағы білім ұясының құрылысы аяқталысымен оң шешімін таппақ. Тұрғындардың көтерген тағы бір мәселесі – жол жайы еді. Осы ретте қала әкімдігі шаһар көшелері бойынша құрылысы жүріп жатқан жолдардан алынған ескі асфальттарды саяжай аумағына төсеу туралы шешім қабылдап, өткен жылдан бастап жұмыстар басталды. Жуырда қала әкімі А.Шыныбеков Зашаған кенті әкімдігі және бау-бақша серіктестігі төрағасы, белсенділермен бірге жол жұмысы төселіп жатқан аумақта болып, берілген асфальттың бірінші кезекте проблемалық аумақтарға төселуіне назар салды.
Серіктестік төрағасы Асылбек Қабесовтың айтуынша, ауданда 13 көше бар, жолдардың жалпы ұзындығы – 25 шақырым.
– Ортаңғы Сарыарқа көшесінің жолы 4 шақырымдай болады. Былтырдан бастап жергілікті әкімдіктің қолдау көрсетуімен асфальтты төсеу басталды. Қазіргі уақытта 2 шақырымдай жол жасалды. Тағы қосымша материал беріліп, осы жол аяқталса деген үміттеміз. Бұл – серіктестік ішіне автобустардың кіруін қамтамасыз ету үшін маңызды. Жолаушылар тасымалымен айналысушылар ауыл ішіне автобусты жіберуге ықылас танытып отыр. Тек жауын-шашын кезінде көлік батып қалмайтындай жағдай жасауымыз керек, – дейді Асылбек Қабесов.
Сондай-ақ белсенділер қоғамдық көліктер тоқтайтын күре жол бойындағы төрт аялдаманың екеуінің тұсына жолашылар өтетін белгі салынып, жарық орнатылғанын, енді «Орал знак» және «Высоковольтный» аялдамаларына аялдама күркесі және жаяу жүргіншілер өтпесі қажеттігін атады. Қазіргі уақытта автобустан түскендер ешқандай белгі қойылмаған жолды кесіп өтіп жүр. Қала басшысы Абат Абайұлы бұл жағдай қауіпті екенін ескеріп, қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін тиісті сала өкілдеріне жарықтандыру туралы тапсырма берді. Сондай-ақ жол белгілері орнатылатынын жеткізді.
Елмұра АСХАТҚЫЗЫ, автордың суреті
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу