8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
10 Қараша 2020 1324 0
Қоғам

ОРАЛДАҒЫ УЧАСКЕЛІК ИНСПЕКТОРЛАРҒА ЖАҢА ҚЫЗМЕТТІК КӨЛІК БЕРІЛДІ

Орал қаласының №5 учаскелік полиция пунктіне жаңа автокөлік тарту етілді. БҚО ПД Баспасөз қызметі хабарлауынша, бұл ҚР Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаевтың коллегиялық отырыста қойған тапсырмасын орындау мақсатында беріліп отыр. 

Орал қаласының №5 учаскелік полиция пунктінің учаскелік полиция инспекторлар 20 000 астам тұрғыны бар қаланың орталығын қамтиды.  Алдыңғы қатардағы учаскелік полиция пункті арнайы планшеттер мен  бейнебақылау камераларымен жабдықталған. Айта кетерлігі, бұндай жабдықтар қала бойынша барлық пункттерде бар.

– Материалдық-техникалық базаны нығайту – халықпен әрлдайым тығыз байланыста болатын полиция қызметкерлерінің  жұмысын тиімдірек етеді. Жедел шара қолдануға жасалып жатқан жағдай – тұрғандарымыздың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге үлкен үлес қосады, – деді «Lada Largus» маркалы автокөлігінің кілті мен сертификат табыстаған БҚО ПД бастығының міндетін атқарушы полиция полковнигі Ж.Жаншин.

Аға учаскелік полиция инспекторы Д.Оңайғалиев қызметте жеделдік маңызды екенін атап, осы ретте жаңа көлік  біздің нәтижелі жұмыс атқару үшін тірек боларын жеткізді.

Орал қаласы аумағында 24 учаскелік полиция пунктінде 117 учаскелік инспектор мен көмекшілері қызмет жасайды. Бүгінде ҚР Президентінің жолдауына сәйкес олардың мәртебесін көтеріп, материалдық-техникалық қамтамасыз етілуіне бағытталған жұмыстар атқарылуда.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
64 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
113 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
152 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
411 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
431 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»