8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
05 Қараша 2020 1021 0
Қалалықтар қаперіне

Оралда түнгі уақытта көлік қозғалысы ШЕКТЕЛЕДІ

Оралда түнгі уақытта көлік қозғалысы шектеледі. Қаланың бас мемлекеттік санитар дәрігері Мәдениет Танауовтың қаулысына тиісті өзгерістер енгізілді.

1-тармақ 1.4) тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылған:

«Жедел жәрдем, авариялық қызметтер және басқа да арнайы органдардың автокөлігін; Орал қаласының тіршілігін қамтамасыз етуге жауапты ұйымдардың (коммуналдық қызмет) автокөлікпен, сондай-ақ кәсіпорындар/ұйымдардың түнгі ауысымдарында жұмыс жасайтын тұлғалардың автокөлікте жүруін және аса қажет болған жағдайларда (дәріханалардан дәрілік препараттар мен медициналық бұйымдарды сатып алу мақсатында шығу, шұғыл жағдай бойынша медициналық мекемеге бару) жеке автокөліктің жүріп-тұруын қоспағанда, сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөліктің жүруіне шектеу салынсын».

Жеке және заңды тұлғалар басқа да дәлелді себептер бойынша сағат 23.00-ден 06.00-ге дейін автокөлікпен жүру қажет болған жағдайда «http://www.STOPCOVID.KZ» сайтында тіркелуі қажет немесе «109» телефон нөміріне өтініш хабарлама қалдыруы керек.

Сондай-ақ, 1-тармақ 1.7) тармақшамен мынадай мазмұнда толықтырылған: БҚО полиция департаменті енгізілген қосымша шектеулерді сақтау бойынша патрульдеуді ұйымдастырсын, жоғарыда көрсетілген талаптардың бұзылуы немесе орындалмауы анықталған жағдайда материалдарды тез арада Орал қалалық тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жіберілсін;

Өзгерістер 7 қарашадан бастап күшіне енеді.

 

kaz.tengrinews.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
76 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
70 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
67 0
Референдум2026
Батыс Қазақстанда Жәңгір хан дауыс берді
15 Наурыз 2026
120 0
Наурыз
Көрісу күніндегі көңіл күй
14 Наурыз 2026
94 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»