8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қазан 2020 820 0
Қоғам

«ҚАУІПСІЗ ЖОЛ» ҚАШАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛЕДІ?

Қала тұрғындар үшін жайлы, қолайлы, қауіпсіз болуы тиіс. Осы ретте шаһарды дамытуда қоғам өкілдерінің ұсыныс-тілектері ескерілуі керек. Кейінгі уақытта урбанистер бұл мәселені жиі көтеріп келеді. 23 қазан күні облыс әкімінің кеңесшісі, архитектор, урбанист Т.Шәкіржановтың қатысуымен белсенділер кезекті диалогтық алаңда жол қозғалысын кедергісіз ұйымдастыру, жол-көлік оқиғаларын азайтуға қатысты «vision zero» бағдарламасы талқыланды. Басқосу «Үркер» жеке қорының  «Қауіпсіз жолдар» жобасы аясында ұйымдастырылды.

Өткен жылы белсенділердің ұсынуымен облыс орталығында даңғылдар бойынша қоғамдық және арнаулы көліктердің қозғалысына арнайы жолақ бөлінген еді. Яғни осы Н.Назарбаев пен Абай және Әбілқайыр хан даңғылдарының шеткі оң жақ бөлігімен жеке көліктердің жүруіне немесе аялдап тұруына тыйым салынған. Бұл – жаңашылдық апаттылықты азайтуға, жолаушының жолдағы уақытын қысқартуға және қоғамдық көліктің айналуын арттыруға мүмкіндік беру үшін сонымен қатар күзгі-қысқы кезеңде қарды жинау және шығару бойынша қалалық қызметтердің жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында ұйымдастырылған. Бірқатар жол қозғалысына қатысушылар қозғалыстың қоғамдық көліктерге арнайы жолақ бөлу арқылы ұйымдастырылуына қала әлі дайын емес деген пікірде болса, бірқатары бүгінде қалаға қоныстанушылардың көбейгенін, осы ретте қоғамдық көлікті пайдаланушылар қатары арта түскенін алға тартып, олардың қауіпсіздігі үшін қоғамдық көліктер ғана жүретін арнайы жолақтың белгіленуі дер кезінде қабылданған шара екенін айтады.

– Кейінгі жылдары қалада көліктер көбейгенін мойындауымыз керек. Қала жолдары осынша көліктің ағынына дайын болған жоқ. Сол себепті қоғамдық көліктерге басымдық берілгені дұрыс болды, – дейді Әбдрахман Әйтиев есімді белсенді.

Десе де  кейбір аумақтарда осы шеткі бөліктерді жеке көліктердің автотұрақ ретінде пайдаланып жүргені қалалық белсенділердің назарына жиі түсіп жүр.

– Мәселен, «Қазақтелеком» аялдамасына дейінгі жол бойының шеткі бөлігінде күн сайын жеке көліктер толып тұрады. Салдарынан қоғамдық көліктер ортақ жолақпен, жеке көліктермен қатарласа қозғалуға мәжбүр. Бұл көліктердің кептелісіне, қоғамдық көліктердің уақытынан кешігіп, жолаушылардың көбірек күтіп қалуына әкеледі, – дейді урбанист, «Қауіпсіз жодар» жобасының жетекшісі Еділ Нұрлиев.

Орал қалалық Полиция басқармасы патрульдік полиция батальоны инспекторлары да аталған жағдайды растап отыр. Инспекторлардың сөзінше, бұл жаңадан бөлінген жолақ болғандықтан кейбір жүргізушілер қойылған белгіні аңғармағандарын айтып ақталады екен. Әрине, заңды білмегендік жауапкершіліктен құтқармайды. Дегенмен, жолақтың тек қоғамдық және арнайы көліктерге арналғандығын барынша халыққа жеткізетіндей роликтер дайындап, тарату қажет.

Андрей Карпов есімді белсенді «ПАЗ» маркілі автобустардың түтендетіп жүретінін сынға алды. Қала көшесінде қара түтінді будақтатқан қоғамдық көліктердің видеолары да Андрейдің жеке қорында әжептәуір жинақталып қалған.

– Жүріп келе жатып жылдамдықты арттырады, қара түтін будақтайды, аялдамадан қозғаларда тағы да қара түтін. Адамдардың тыныс алуына айтарлықтай әсер етеді. Ол түтіннің зияндылығын кім тексеріп жатыр? Басқа елдердегі жағдайды өзімше зерделеп көрдім. Мәселен, көрші мемлекетте қара түтіні будақтаған көліктердің жүргізушілеріне айыппұл салынады екен, олар бір ай мерзім ішінде сол олқылықты түзеуі керек. Біздерде де осындай көліктермен жұмыс жасалса деймін. Экологияны бүлдіріп жатқан ескі техникаларды желіден шығаратын кез келді, – деген пікірімен бөлісті велосипедист Андрей Карпов. Сондай-ақ ол бүгінде қалада велосипедшілердің қатары артқанын атап өтіп, жол қозғалысының толық қатысушылары ретінде оларға да арнайы жолақ белгілеуді  ұсынды.

Жол белгілері мәселесін көтерген Дархан Сәриев қаладағы жол белгілерінің біразын тізіп, сынға алды. Ал жол белгілерінің дұрыс сызылмауы, орынды қойылмауы салдары апаттық жағдайлардың орын алуына әкелуде. Дархан мырза қаладағы жол белгілері мәселесімен біраз табалдырықты тоздырғанын айтып, жауапты органды таба алмағанын жеткізді.

–   «Жол қозғалысы техникалық құралдарын реттеудің дислокациялық жоспары» құжаты болуы керек екен. Бұл жоба дайындалып, бекітілген болуы тиіс. Онда қандай жолақ, белгі қай жерге орналастырылатыны көрсетіліп тұруы керек. Сол құжатқа сәйкес тендер беріледі. Яғни, жол белгілерін орнатушылар сол жоспарға сәйкес жұмыс жасауы керек. Ал бізде мұндай құжаттың болуы тиіс екенін ешкім білмейтін болып шықты. Қойылған жол белгісі мен сызылған белгі бір-біріне сәйкес келмеуінің бір себебі –осы, – деген Дархан Сәриев бекітілген дислокациялық жоспар болмайынша, жол белгілерінің дұрыс, орынды сызылмайтынын айтты.

Бұл жоспарды дайындау ешқандай мемлекеттік органның функционалдық міндетіне жүктелмеген. Ал ол аса үлкен жауапкершілікпен атқарылатын іс. Бас қосқан белсенділер осы орайда жол қозғалысы техникалық құралдарын реттеудің дислокациялық жоспарын дайындауға жол, тротуар, көгалдандыру, жарықтандыру, жол белгілері бойынша сарапшылардан құралған топ тартылуы тиістігін атады.

Велосипедистер, мотоцикл, авто жүргізушілері және урбанистика саласына қызығушылық танытқан қала тұрғындары жиналған диалогтық алаңда сондай-ақ жүргізушілердің мәдениеттілігі, бейнебақылау камераларының жұмысына қатысты  жайттар қозғалды. Белсенділер көтерілген мәселелерге жауапты жергілікті атқарушы орган өкілдерінің қатысуымен осы бағыттағы кездесулерді жиі ұйымдастыруды ұсынды.

Эльмира НҰҒМАНОВА

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
73 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
144 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
374 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
857 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1235 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1140 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1594 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2210 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2375 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2382 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2433 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2437 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2055 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2917 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2971 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2965 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3578 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3546 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3537 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3513 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3673 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»