ЕКІ АПТАДА ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ЖОЛ БЕРГЕН СЕГІЗ ЛАУАЗЫМДЫ ТҰЛҒА ҰСТАЛДЫ
Өткен екі аптада Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотқа дейінгі 80-нен астам тергеуді тіркеді. Сегіз лауазымды тұлға ұсталды. Алты тұлғаға қатысты «күзетпен ұстау» бұлтартпау шарасы қолданылды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бегайдаров мәлім етті.

Тергеуші мәлім еткендей, Батыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Батыс Қазақстан облысының Денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысы мен оның сыбайласына қатысты тергеуді бастады. Олар 2020 жылғы 12-23 қазан аралығында компания директорынан жалпы сомасы 78 000 000 теңгеге медициналық жабдықтарды (мониторларды) жеткізуге мемлекеттік сатып алу туралы ЖШС-пен бұрын жасалған шарттар бойынша орындалған жұмыстар мен ТМҚ қабылдау актілеріне кедергісіз қол қою үшін айтарлықтай мөлшерде пара түрінде жалпы сомасы 7 800 000 теңге алған. Мемлекеттік мекеме басшысы және оның сыбайласы ҚР ҚПК 128-бабы тәртібінде ұсталып, Орал қаласы ПБ уақытша ұстау абақтысына қамалған.
Ал Маңғыстау облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ағымдағы жылдың 14 қазанында Маңғыстау облысының мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы «Маңғыстау мемлекеттік тарихи-мәдени қорығы» ММ басшысының м.а. мен компания директорына қатысты Ақмыш шатқалы ескерткішін абаттандыруға бағытталған ақшалай қаражатты ұрлау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Қазіргі уақытта кінәлі тұлғалар мойындау түсініктемесін берді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасуда.
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ҚР АШМ Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің «Республикалық ветеринариялық зертхана» ШЖҚ РМК Талдықорған өңірлік филиалының басшысына қатысты пара беруге оқталу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол 2020 жылғы 26 қазанда оған мүдделі тұлғаны әскери қызметке жарамсыз деп танығаны және тиісті әскери билет бергені үшін 425 000 теңге сомасында пара беруге оқталу бойынша күдіктенеді. Тергеу жалғасуда.
Павлодар облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» АҚ Павлодар филиалдары бірінің басшысына қатысты сыбайлас жемқорлық қылмыстық құқық бұзушылық жасау күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізуде. Ол өзіне ведомстволық бағынысты бөлімшелердің басшыларынан жалпы сомасы 250 мың теңгеге ақша қаражатын заңсыз алуда күдікке ілінді. Тергеу жалғасуда.
Қазақстан Республикасы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы департаменті пара алу күдігімен Қазақстан Республикасы Ұлттық Ұланының «Орталық» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдері бірінің лауазымды тұлғасын әшкереледі. Ол әскери қызметшілерді әртүрлі лауазымдарға тағайындау және ауыстыру туралы мәселені шешкені үшін бірнеше рет пара алу күдігіне ілінді. 21 қазанда ол ҚР ҚПК 128-бабының тәртібінде ұсталды.
Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет «Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппараты» КММ басқармаларының бірі басшысының міндетін атқарушысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол шарттары бұрын нақты орындалған мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасқаны үшін мердігер ұйым директорынан 900 мың теңге көлемінде ақшалай қаражат түрінде пара алу күдігіне ілінді.
Жамбыл облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Жамбыл облысы әкімдігінің Денсаулық сақтау басқармасының лауазымды тұлғаларына қатысты пандемиямен күреске бөлінген бюджет қаражатын медициналық бұйымдарды жоғары бағамен сатып алу арқылы жымқыру фактісі бойынша қылмыстық істі тергеуде. Осылайша мемлекетке 8 730 560 млн теңге сомаға залал келтірілді. Тергеу жалғасуда.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу