8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
26 Қазан 2020 1454 0
Қоғам

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕР КӨПІРДЕН СЕКІРГЕН ӘЙЕЛДІ ҚҰТҚАРДЫ

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығы 5517 әскери бөлімінің қызметкері өзіне қол жұмсамақ оймен көпірден суға секірген әйелді құтқарды. Оқиға бүгін, 26  қазан күні сағат 11.30 шамасында  болған.

 

«Батыс» өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметкері Ерболат Сұлтаовтың мәліметінше, аға сержант Асқар Нұрғалиев кезекті кезекшілік ауысымынан үйіне қайтар жолда  көпірден Шаған өзеніне  секірген әйел адамды байқаған. Дереу көлігін тоқтатып, көмек шақырып, өзі әйелді құтқармақ мақсатта өзенге секірген. Ұлан әскерінің  жедел әрі оңтайлы жасаған әрекетінің нәтижесінде әйел жағаға шығарылды. Осы кезде  жағалауға жәдел жәрдем мен полиция қызметкері де жеткен.

Әйел адам 32 жаста. Ол жедел жәрдеммен ауруханаға жеткізілген. Өмірі мен денсаулығына  қауіп жоқ.

Асқардың өзі бұл әрекетін ерлік санамайды. Айтуынша, оның орнында болған кез келген адам осындай әрекет жасары анық. «Адамға көмектесу – абыройлы іс» деп санайтын Асқар Нұрғалиев Бөкей ордасы ауданы Бисен ауылының тумасы екен. 2015 жылдан бері Ұлттық ұлан сапында әскери қызметте. Баспасөз қызметі хабарлағандай, адам өмірін құтқаруда көрсеткен батылдығы мен кәсібилігі үшін аға сержант Асқар Нұрғалиев ҚР Ұлттық ұланы Батыс өңірлік қолбасшысының көтермелеуіне  ұсынылған.

Елмұра АСХАТҚЫЗЫ,

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
60 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
111 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
150 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
410 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
430 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»