Қаржы пирамидаларының құрбандары жергілікті полицияға шағымдана алады – ҚР ІІМ
ҚР Ішкі істер министрлігі «Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «five Winds Asset Managent» қаржы пирамидалары бойынша тергеуді жалғастыруда. Бұл туралы ҚР ІІМ ресми өкілі Нұрділдә Ораз айтты.
Оның сөзіне қарағанда, қаржы пирамидасының басшылары интернет желілерінде веб-сайттар құрып, ойдан шығарылған түрлі инвестициялық портфельдер сатқан. Алаяқтар портфельдің мерзімі аяқталғанда 300% дейін пайда табасыз деп жалған уәделер берген. «Алаяқтардан мыңдаған қазақстандықтар зардап шекті. Зардап көлемі бір миллиард теңгеден асады. Осыған байланысты ІІМ тергеу департаменті «Questra Holding ins», «Questra World», «Atlantic Global Asset Management», «five Winds Asset Managent» компаниялар тобының алаяқтық қызметінен зардап шеккендердің барлығын ІІМ-ге (Нұр-сұлтан қаласы, Тәуелсіздік даңғылы, 1 мекенжайына немесе 71-51-02, 71-42-94, 8-701-794-07-81, 8-701-113-56-92 нөмірлеріне) хабарласуды сұрайды», – деді Нұрділдә Ораз әлеуметтік желіде өткен онлайн брифингте. Сондай-ақ, алаяқтардан зардап шеккен өзге өңір тұрғындары тұрғылықты жері бойынша полиция департаментіне шағымдана алады.

Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу