8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
22 Қазан 2020 2067 0
Қалалықтар қаперіне

ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА ШЕКТЕУ ШАРАЛАРЫ ЕНГІЗІЛДІ

Орал қаласының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері М.Р. Танауовтың 22 қазан 2020 жылғы №83 қаулысымен Орал қаласы аумағында бірнеше шектеу шаралары енгізілді.  Қаулы мәтіні төмендегідей:

«Қазақстан Республикасының 2020 жылғы 7 шілдедегі №360-VI «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 38, 104-баптарын басшылыққа ала отырып, Орал қаласының тұрғындары арасында коронавирустық инфекцияның(CIVID-19) таралуының алдын алу мақсатында, сондай-ақ қалыптасқан эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып,
ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Орал қаласының аумағында келесі шектеу шараларын енгізу:
1.1. 65 жастан асқан адамдардың аса қажеттіліксіз көшеге шығуын шектеу;
1.2. Демалыс күндері ауыл шаруашылық, азық-түлік жәрмеңкелерін өткізуге тыйым салынсын;
1.3. Демалыс күндері қоғамдық көліктің жұмысы тоқтатылсын.

2. Орал қаласының әкіміне және Орал қаласының полиция басқармасына:
2.1. Мекен-жайлары бойынша жабайы сауда орындарын жою:
– Досмұхамедов к-сі, «Мирлан» базарының ауданы;
– Әбілқайыр хан даңғылы, 155, «Жайық дүкеннің» ауданы;
– Н. Назарбаев даңғылы, «Юбилейная» аялдамасының ауданы;
– Құрманғазы к-сі, «Школьник сауда үйінің» ауданы;
– Абай даңғылы 90/2в, бұрынғы “Султан” базары
– 6 шағын аудан, «Жеңіс сауда үйіне» қарама-қарсы.
– Әбілқайыр хан даңғылы, 155, «Аяжан сауда үйіннің» ауданы;
– Құрманғазы көшесі Ақжол базараның ауданы
– Гагарина көшесі “Өнім” базарының ауданы

3. Осы қаулының орындалуын бақылау басқарма басшысының орынбасыры Р.К Хасеноваға жүктелсін.
4. Осы қаулы қол қойылған сәттен бастап заңды күшіне енеді.

Орал қаласының Бас мемлекеттік  санитарлық дәрігері    М.Р. Танауов»

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
59 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
110 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
149 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
409 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
429 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»