БҚО БОЙЫНША МӘМС ПАКЕТІНДЕГІ МЕДИЦИНАЛЫҚ КӨМЕКТІ ҚАРЖЫЛАНДЫРУҒА 6 МЛРД. ТЕҢГЕНДЕН АСТАМ ҚАРЖЫ БАҒЫТТАЛДЫ
2020 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті төлеуге 6,0 млрд теңгеден астам қаржы жіберілген. Бұл туралы қордың БҚО филиалының директоры Нұржамал Жұмағұлова хабарлады.

«Төлемдер халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Клиникалық хаттамаларды және емдеуге қажетті талаптарды сақтай отырып, факті бойынша көрсетілген және құжатпен расталған қызметтер ғана төленеді» – қорда атап өтті.
Қорда нақтылағандай, шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмек төлемі – 2,7 млрд. теңгеден астам. 9 ай ішінде жоспарлы түрде облысымыз стационарларында 40 мыңнан астам адам емделді.
Көрсетілген консультациялық-диагностикалық көмек үшін шамамен 2,2 млрд. теңге төленді. Атап айтқанда, диагностикалық қызметтер арасында КТ және МРТ қызметтері азаматтар үшін өзекті. 9 айдың ішінде пациенттерге 34 млн. теңгеден астам сомаға 4 мыңнан астам КТ қызметі және 31 млн. теңгеден астам сомаға 2,7 мыңнан астам МРТ қызметі көрсетілді.
Сонымен қатар, қаңтар мен қыркүйек аралығында 82 мыңнан астам стоматология, 47 мыңға жуық рентген және 31 мыңнан астам УДЗ-диагностика қызметтері көрсетілді, олардың жалпы құны 360 млн. теңгеден асады. Олардың барлығы МӘМС пакетінде медициналық сақтандыру қаражаты есебінен көрсетілді, пациенттерге медициналық көмек үшін Қор ақы төледі.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші жартыжылдықта барлық қазақстандықтар МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған және медициналық қызметтерді кепілді көмек аясында, сондай-ақ МӘМС аясында пайдалана алатын.
Сонымен қатар, құны 360 млн. теңгеден асатын 26 мыңнан астам қазақстандық медициналық оңалтудан өтті және 44 мыңнан астам азамат 200 млн. теңгеден астам сомаға жоғары технологиялық медициналық қызмет алды.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу