8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қазан 2020 1591 0
Қоғам

АУЫЛ МӘСЕЛЕЛЕРІН ШЕШУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН ЖОБАЛАР

Биыл «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігі «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ-ның «БҚО ауылдық ҮЕҰ әлеуетін арттыру» жобасын іске асырған болатын. Жобаға өңірдегі Үкіметтік емес ұйымдар мен белсенді азаматтардан 28 өтінім түсіп, нәтижесінде 500 мың теңге көлемінде 10 мемлекеттік грант бөлінген. Бүгін, 21 қазан күні қаладағы Оқушылар және жастар сарайындағы «Бастау» коворкинг орталығында өткен көпшілік тыңдауда жоба жеңімпаздары іске асырған жұмыстарының нәтижесімен бөлісті.

«Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Гүлбаршын Мұштанованың айтуынша, Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жыл сайын қоғамдық ұйымдарға гранттар жариялайды.

– Бүгінде үкіметтік емес ұйымдар қоғам өміріне белсенді түрде араласа бастады. Әсіресе, ауыл-аймақтардағы азаматтардың әлеуметтік-экономикалық жағдайының жақсаруына оң ықпал етіп отыр. Наурыз айынан бастап елордадағы «Азаматтық бастамаларды қолдау ортылығынан» биыл екінші жыл қатарынан грант ұтып алдық. Бұл гранттар өңіріміздегі Үкіметтік емес ұйымдардың әлеуетін арттыруға бағытталған. Аталған байқауға облысымыздағы 12 ауданның қоғамдық ұйымдары, сонымен қоса ауылдың мәселесін шешуге атсалысып жүрген белсенді жастар мен азаматтар да қатысты. Бізге 28 жоба ұсынылды. Оның 10-ы үкіметтік емес ұйымдардан болса, 18-і белсенді азаматтардың тарапынан. Әр жобаның өзінің мақсаты, шешу жолдары бар. Біз сол 28 жобаны іріктеп, онына грант тағайындадық, – деді  Гүлбаршын Мақсотқызы.

Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумов өңірде тіркелген 600-ден аса Үкіметтік емес ұйымның тек 150-ге жуығы ғана белсенді екенін жеткізді. Қалғаны тек қағаз жүзінде тіркеліпті. Сондықтан олардың белсенділігін арттыру маңызды.

– Әсіресе, ауылдық жерлердегі Үкіметтік емес ұйымдар мен бастамашыл топтарға  мемлекеттік әлеуметтік тапсырысқа қатысу қиын. Сол себепті Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы жүзеге асырған жоба оларға ауылдық жерлердің мәселелерін шешуге үлкен мүмкіндік берді. Жалпы ауылдағы үкіметтік емес ұйымдардың әлі де біліктілігі жетіспейді. Жобаны басқарудың не екенін әлі де түсінбейді. Жоба жасақтау, қорғау, құжаттарын дұрыс дайындау, жүзеге асыру бойынша кешенді шараларды оларға осы жоба арқылы үйретіп, деңгейлерін көтеру керек. Яғни, келер жылғы жобаларға жақсы дайындықпен келуі тиіс. Себебі бұл жобалар ауылдық округтегі біраз маңызды мәселелерді шешуге ықпал етеді, – деген Нұрлыбек Жасқайратұлы тәжірибе алмасып, кемшіліктерді саралау арқылы, болашақта бұдан да маңызды жобаларды қолға алуға болатынын ескертті.

Кездесуде грант жеңімпаздары қаржыны қалай игергені, жобаны қалай жүзеге асырғандары туралы қорытындыларын көпшілікке слайд арқылы таныстырды. «Жайық таңы» қоғамдық бірлестігінің ауылдық жерлердегі үкіметтік емес ұйымдарға берілетін шағын грантына ие болған бәйтеректік Мәрзия Ғалиева алған қаржысына Даринск ауылындағы тозығы жеткен саябақты қалпына келтірген.

– Ауыл тұрғындарының салғырттығынан қараусыз қалған саябақты қалпына келтіру көптен ойымда жүрген еді. Сол себепті алдымен «Жасыл ел» сарбаздары мен еріктілердің көмегімен саябаққа сенбілік жасадық. Ауылдық әкімдік қоқыстарды, ағаш бұтақтарын  шығаруға арнайы көлік ұсынды. Жергілікті жеке шаруашылық серіктестігімен келісімшарт жасап, саябақтың айналасын қоршадық. Орындықтар орнатылды. Бүгінде ауыл жастары аталмыш орында бас қосып, түрлі мерекелік шараларды ұйымдастыруда, – дейді белсенді жас. Жоба аясында «Жас көмекші» үйірмесінің жастары саябақтың қауіпсіздігін жауапкершіліктеріне алған.

Ал Бәйтерек ауданындағы «Жас дем» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Талғат Мәуленов «Бар жақсылық – балаларға» жобасын жүзеге асырған. Осы орайда ұтып алған 500 мың теңге қаржысына Бәйтерек ауданының Махамбет ауылына бассейн орнатып, ауыл балаларын суда жүзуге үйреткен.

– Жазғы демалыс уақытында көпшілікпен бірге суға түсіп, жүзе алмағандықтан өмірлеріне қауіп төнеді. Түрлі қайғылы жағдайлар орын алып жатыр. Осы мақсатта арнайы маманның нұсқауымен балаларға суда жүзуді үйрету, қауіпсіздік техникаларымен ақпараттандыруды көздеп, жобама сай, шілденің 10-ы күні арнайы каркасты бассейн сатып алдым.  Ауылдағы жүзуді үйренгісі келетін балалардың ата-аналарының рұқсатымен тізім жасақтап, санитарлық талаптарды сақтай отырып, суда жүзу сабақтарын өткіздім. Нәтижесінде туған ауылымдағы 15 бала суда еркін жүзетін болды, – дейді жоба авторы. Сондай-ақ ол ауыл балаларының демалысын жақсарту мақсатында эстафеталық ойындар ұйымдастырып, жеңімпаздарға Алғыс хаттар мен сыйлықтар берген.

Сол секілді теректілік Аягөз Айтқалиева «Аутизмге шалдыққан балаларды қолдау орталығы» жобасын ұсыныпты.

– Жалпы Теректі ауданында аталмыш дертке шалдыққан 12 бала тіркелген. Олардың ата-аналарын қосқанда 36 адамды қамтып жұмыстандым. Аутизмге шалдыққан балаларды қолдап, сурет салу, түстерді ажырату, яғни қарапайым балалар меңгерген дүниелерді меңгертуді мақсат еттім. Осы орайда дефектолог, психолог, емдік дене шынықтыру нұсқаушысы мамандары жұмыстанды. Шілде айында ұтып алған 500 мың теңгеге Теректі аудандық психологиялық-педагогикалық түзету кабинетіне дидактикалық материалдар алдық. Карантин жағдайында сақтық шараларын ұстанып, жұмыстар жүргіздік, – деген Аягөз алғашқы ұтып алған жобасының нәтижелі болғанына қуанышты.

Кәусар БАЙҒАЛИЕВА,

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
75 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
145 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
376 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
859 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1237 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1141 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1596 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2212 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2377 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2384 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2435 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2439 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2056 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2919 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2973 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2967 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3580 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3548 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3539 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3515 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3675 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»