ОРАЛ ҚАЛАСЫНДА 11 АУЛА АБАТТАНДЫРЫЛДЫ
Биыл шаһардағы 11 аула аумағын абаттандыру үшін қазынадан 400 млн. теңге бөлінген. Жаңарған аулалардың бірі – Деркөл кентіндегі ІІ Молодежная көшесі 1/1, 1/2, 1/3, 1/4 аула аумағы. 20 қазан күні қала әкімі Абат Шыныбеков аталған аулада атқарылған жұмыстарды көріп, тұрғындармен тілдесті.

Бұл аула аумағын абаттандыру жұмысы шілде айында басталған. Мердігер мекеме «Айдана» ЖШС бүгінде жұмыстарды 90 пайызға аяқтады. Жоба бойынша аулаға кіреберіс жолдар салынып, асфальт-бетонды жабын төселген. Жиектастар мен әр кіреберіс алдына кеспетастар орнатылған. Бірнеше орындық, урналар қойылған. Сондай-ақ балалар қауіпсіздігі үшін резеңке жабын төселген шағын балалар алаңы салынып, ойын құрылғылары орнатылған.
Көпқабатты төрт үйдің тұрғындарымен кездесуде қала әкімі Абат Абайұлы абаттандырылған ауланы бұдан әрі күтіп-ұстау, сақтау азаматтардың өз жауапкершіліктерінде екенін жеткізді. Сондай-ақ ұсыныс-тілектерін тыңдады. Бұл мекенжайдағы үйлердің әрқайсысына күрделі жөндеу жұмыстары қажет. Осы ретте тұрғындар мемлекеттік ТҮКШ жаңғырту бағдарламасына қатысуға ниетті. Оған дейін әрине бірқатар құжаттарды реттеу қажет. Ауланы көгалдандыруды аула тұрғындары өздері келер жылдың көктемінде бастайтын болып келісті.
Қалалық тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Орынбасар Бисенғалиевтің айтуынша, енді абаттандырылған аула аумақтарын жарықтандыру жұмыстары жүргізілмек.
Эльмира НҰҒМАНОВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу