«НҰРЛЫ ЖЕР»: БҚО-ДА ТҰРҒЫН ҮЙ ҚҰРЫЛЫС ЖИНАҚ БАНКІ САЛЫМШЫЛАРЫ ҮШІН 887 ПӘТЕР БЕРІЛЕДІ
БҚО-да «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің салымшыларына арналған 887 пәтер беріледі. Бұл туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ БҚОФ директоры Аида Ипатова мәлім етті.

Батыс Қазақстан облыстық филиалында 84000-нан астам салымшы болашақта елдегі ең төменгі ставкалармен – жылдық 2-ден 5 пайызға дейін несие алу үшін Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі есепшоттарында ақша жинауда. Бүгінде Аида Ипатованың мәліметінше, жинақтың жалпы сомасы 33 миллион теңгеден асады.
– «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясында 2020 жылдың соңына дейін 6 үйді пайдалануға беру жоспарланған. Оның ішінде Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі салымшылары үшін 887 пәтер пайдалануға беріледі, – деді Аида Бақытжанқызы.
Нақтылап өтсек, Зачаганск кентінде №50, №51, №52 дақтағы тұрғын үйлер, қаланың солтүстік-шығыс жағында – 2 тұрғын үй, Ақсай қаласында – 1 үй қолданысқа берілмек.
Бұл үйлердің 1 шаршы метрді сату бағасы 140 000 теңгені құрайды.
Бастапқы конкурс жергілікті атқарушы органда үй кезегінде тұрған азаматтар үшін, қосымша конкурс Банктің барлық салымшылары үшін болады.
Бағдарлама қатысушыларына қойылатын басты талаптар – олар ҚР-ның азаматы болуы тиіс және соңғы 6 айда отбасының әрбір мүшесі үшін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 3,1 еселенген мөлшеріне дейінгі еңбек және (немесе) кәсіпкерлік қызметтен алынған кірістердің болуы, азаматтардың үй кезегінде тұрғанын растауы, төлем қабілеттілігін растауы, өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінде соңғы 5 (бес) жыл ішінде Қазақстан Республикасының аумағында тұрғын үйдің болмауы назарға алынады.
Өңірлік филиал директоры атап өткендей, 15 қыркүйек пен 14 қазан аралығында 180 пәтерге арналған №51-дақ құрылыс нысаны бойынша конкурс өткізіліп, бүгінгі күнге дейін 884 адам конкурсқа қатысуға өтінімдер берген. .
13 қазаннан бастап Зачаганск кентіндегі №50 және №52-дақ нысандарында 297 пәтерге дауыс беру басталды. Бұл мен 3 қарашаға дейін жалғаспақ. Кезек тізімінде тұрған салымшылар Банктің Baspana.kz интернет-ресурсында қатысуға өтініш бере алады.
Сондай-ақ биыл «Шаңырақ» (5-10-20) бағдарламасы іске қосылған болатын. оған 1986-2017 жылдар аралығында кезекте тұрған адамдар қатыса алады. Қатысу үшін ЖССБ24 веб-сайтына өтініш жіберу керек. Бұл бағдарлама бойынша тұрғын үйді бастапқы нарықтан клиенттің таңдауы бойынша рәсімдейді. БҚО бойынша несиенің максималды сомасы – 12 000 000 теңге.
Эльмира НҰҒМАНОВА
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу