8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
20 Қазан 2020 1630 0
Қоғам

ПОЛИЦЕЙГЕ ПАРА ҰСЫНҒАН

 18 қазанда Орал қаласында полиция қызметкерлеріне пара беруге қатысты 2 факті тіркелді.


18 қазанда түнгі сағат 00.30 шамасында 1976 жылғы Ақтөбе қаласының тұрғыны С. есімді азамат «МАЗ»-маркалы көлігін «Ел ырысы» базарының аумағындағы «Тоқтап тұруға тыйым салынады» жол белгісінің тұсына қойған. Осы аймақта қызмет сапында жүрген Орал қаласы Полиция басқармасының ППБ взвод командирі жүргізушіге жол тәртібін бұзғаны туралы ескерту жасап, хаттама толтырылатынын ескерткенде хаттама толтырмауы үшін 1 000 теңге номиналымен 2 000 теңге пара ұсынған.

Дәл осы күні күндізгі сағат 10.55 шамасында 1957 жылғы Бәйтерек ауданының Р. есімді тұрғыны «Ауди» маркалы көлігін жүргізіп келе жатып, жол ережесін бұзған. Ол Шолохов көшесі бойымен қозғалып, Циолковский көшесімен қиылысар тұста бағдаршамның тыйым салынған белгісіне мән бермеген. Көпке ұзамай Орал қаласы Полиция басқармасының ППБ инспекторлары жол жүру ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатқанда, ол әкімшілік хаттама толтырмауы үшін тәртіп сақшысына 5000 теңге пара ұсынған.

Жоғарыда көрсетілген пара беру фактілеріне кінәлі тараптар айыптарын мойындады.

Орал қаласы Полиция басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ағымдағы жылдың басынан бері Орал қаласы Полиция басқармасы және БҚО ПД ӨҚБ қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша пара берудің (облыс бойынша) 33 фактісі анықталған.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
87 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
128 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
65 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
305 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»