8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
19 Қазан 2020 1405 0
Қалалықтар қаперіне

МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ АЗАМАТТАР ХАЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ МҮГЕДЕКТЕР АРБАСЫНА ТАПСЫРЫС БЕРЕ АЛАДЫ

ХҚО арқылы қызметті  алу үшін ХҚО-ға кезекті алдын-ала брондау керек. Тіркеу бөліміне белгіленген уақыттан 20 минутқа ерте келіп, броныңызды растап, жеңілдік терезесіне талон алу керек. Операторға қажетті құжаттарды ұсыну арқылы қызметті 15 минутта рәсімдеуге болады.
Осы қызметті мобильді топты шақырту арқылы алу үшін «1414» бірыңғай байланыс орталығына мобильді топты үйге шақыртуға тапсырыс беру арқылы жүзеге асыруға болады.  Сізбен ХҚО операторы байланысып, мән-жайды толық анықтайды және 10 күн ішінде сіздің мекенжайыңызға келіп, құжаттарды рәсімдейді.
Қажетті құжаттар:
Жеке басыңыздың куәлігі;
Егер сенімді өкіліңіз келген болса, оның сенімхаты (нотариалды растау қажет емес);
Медициналық оңалту бағдарламасы жөнінде анықтама;
Мүгедектігі жайлы куәлік;
Егер ҰОС ардагері немесе соған теңестірілген азамат болса, ол туралы куәлік;
Егер әрекетке қабілетсіз азамат болса, ХҚО-ға оның заңды өкілі құжат тапсыра алады.
Қызмет көрсету уақыты: Құжат тапсырған күнді есепке алмағанда, 10 жұмыс күні ішінде.
Қызмет нәтижесі: Ұялы телефоныңызға SMS хабарлама келген  кезде мүгедектерге арналған арбаның берілуі жайлы шешімді ХҚО-дан аласыз.
Ескерту! Мүгедектерге арналған арба Жұмыспен қамту, еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасынан беріледі.
Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
71 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
120 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
159 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
416 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
436 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»