8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
14 Қазан 2020 1132 0
Қалалықтар қаперіне

ЖАҢА ЗАҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ КӨРІНІСТЕРІН АЛДЫН АЛУ БОЙЫНША ҚОСЫМША ШАРАЛАР ЕНГІЗУГЕ БАҒЫТТАЛҒАН

Кеше, Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.  Заңмен 3 Кодекске, 7 заңға түзетулер енгізілді. Енізілген өзгерістер туралы ҚР сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің БҚО бойынша департаменті басшысының бірінші орынбасары Нұрдәулет Сәмет түсіндіріп берді. 

Нұрдәулет Сәметтің сөзінше, Заң сыбайлас жемқорлық көріністерін жүйелі түрде алдын алу бойынша қосымша шаралар енгізуге бағытталған.

Біріншіден, азаматтық кодексте мемлекеттік қызметшілерге кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады (қазіргі уақытта мемлекеттік қызметшілерге олардың лауазымдық міндеттемелеріне байланысты құны 10 айлық есептік көрсеткішке (27 780 теңгеге) дейін сыйлықтар беруге рұқсат етіледі.)

Азаматтық кодекстің мемлекеттік қызметшілерге қатысты сыйға тарту мәселелерін реттейтін ережелерін қолданыстағы заңнама нормаларымен үйлестіру қажеттілігі «Қазақстан Республикасындағы конституциялық заңдылықтың жай-күйі туралы» Конституциялық Кеңестің 2018 жылғы 5 маусымдағы жолдауында көрсетілген болатын.

– Қазіргі уақытта Қылмыстық кодекстің 367-бабына сәйкес («Пара беру») мемлекеттік функцияларды атқаруға уәкілетті тұлғаларға, оларға теңестірілген тұлғаларға, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын тұлғаларға немесе лауазымды тұлғаларға бұрын жасаған заңды әрекеттері (әрекетсіздігі) үшін құны 2 айлық есептік көрсеткіштен асатын сыйлықтар тарту қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Ал Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 676, 678-баптарына сәйкес, жеке немесе заңды тұлғалардың аталған тұлғаларға заңсыз сыйлықтар беруі әкімшілік сыбайлас жемқорлық әрекет болып табылады. Осылайша, қолданыстағы заңнамада сыбайлас жемқорлық субъектілеріне олардың лауазымдық жағдайына байланысты кез келген құнды сыйлықтарды сыйға тартуға тыйым салынады. Нақтырақ айтқанда, құны 2 айлық есептік көрсеткішке дейінгі сыйлық әкімшілік жауапкершілікке, құны 2 айлық есептік көрсеткіштен жоғары сыйлық қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғады. Сондықтан, Азаматтық кодекстің 509-бабымен көзделген норманы Қылмыстық және Әкімшілік кодекстерінің нормаларымен сәйкес келтіру тура келді,  – деді Нұрдәулет Сәмет.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңда сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қабылдайтын тұлғалардың отбасы мүшелерінің материалдық сыйақы, сыйлықтар немесе көрсетілетін қызметтерді қабылдауына тыйым салынады.

Екіншіден, сыбайлас жемқорлық субъектілері болып табылатын квазимемлекеттік сектордағы лауазымды тұлғалардың шеңбері көбейді. Ендігіде мемлекеттік  сатып алуды ұйымдастыру және өткізу туралы шешім қабылдауға құқы,ы бар, мемлекеттік  бюджеттен, Ұлттық қордан қыржыландырылатынжобаларды таңдау мен жүзеге асыруға жауапты тәуелсіз құрылымдық бөлімшенің басшысынан төмен емес лауазымдағы квазимемлекеттік компнаиялардың қызметкерлері сыбайлас жемқорлық субъектілері санатына жатады. Я,ни олар «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы заңда көрсетілген сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулердің  өз мойнына алады және  сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтар туындаған жағдайда ауыр жауапкершілікке тартылады.  Бұрын мұндай норма квазимемлекеттік компаниялардың бірінші басшыларына ғана қатысты болған. Енді бұл іс жүзінде кеңейтіліп отыр.

Маңызды мемлекеттк жобаларды сатып алуға және іске асыруға жауапты құрылымдық бөлімше  басшыларын сыбайлас жемқорлық субъектісі ретінде жіктеу үлкен прогресс болып табылады. Құрылымдық бөлімше басшылары өздері үшін немесе үшінші тұлға үшін заңсыз,  бірақ тиімді  шешім қабылдай алады. Сонымен қатар өздерінің қызметтік міндеттеріне  байланысты сеніп тапсырылған бөлім қызметкерлерінің  кез келген сыбайлас жемқорлық жоспарларына қатысуының жолын кесе алады.  Департамент басшысының бірінші орынбасары атап өткендей, бұл түзету сыбайлас жемқорлыққа қарсы сәйкестік қызметтерін енгізумен бірге квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің теріс қылықтарын болдырмаудың және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жоюдың тиімді шарасы.

Үшіншіден,  «Сыбайлас жемқорлыққа  қарсы іс-қимыл туралы» Заңда  және  басқа бірқатар заңдарда мемлекеттік  функцияларды  орындауға  уәкілетті  адамдар және оларға  теңестірілген адамдар жақын туыстарының, жұбайларының немесе құда-жекжаттары атқаратын лауазымдарға тікелей бағынышты лауазымдарды атқара алмайтындығымен қатар жақын туыстарына, жұбайларына немесе құда-жекжаттарына тікелей бағынышты болмайтыны көрсетілген. Мемлекеттік немесе оған теңестірілген функцияларды орындауға байланысты мемлекеттік  қызметке  немесе лауазымға үміткер адам сол мекеме басшысына өзі үміткер болып отырған мекеме басшысына сол жерде жұмыс жасайтын жақын туыстары, жұбайы немесе құда-жекжаттарының бар екенін жазбаша түрде ескертуі керек.

Төртіншіден, квазимемлекеттік сектор ұйымдарында парасаттылықтың корпоративтік стандарттарын сақтауға жауапты сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс-қызметтер институты енгізілуде.

Комплаенс – батыс елдерден келген ұғым. Ол кез келген ұйымда сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында кешенді жұмыс жүргізетін, бірінші басшыға тікелей бағынатын құрылымдық бөлімше болып табылады.

Бесіншіден, мемлекет басшысының 2019 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмасын орындау үшін заңда жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамдардың қылмыстарды арандатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделген.

Қылмыстық кодекске «қылмысқа арандату» деген 412-1-бап енгізіледі, ол тек парақорлықпен шектелмей, кез келген қылмысты қамтитын болады. Бұл ретте, жедел-іздестіру қызметін немесе сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жүзеге асыратын лауазымды адамның, кейіннен әшкерелеу және қылмыстық жауаптылыққа тарту немесе бопсалау мақсатында адамды қылмыс жасауға көндірген заңсыз әрекеттері, қылмыстың арандатуына жатады.

Айтылған бап, әрекеттердің ауырлығына және салдарына байланысты үш бөліктен тұрады. Бұл заңсыз әрекеттердің зорлық-зомбылықпен не күш қолдану қатерімен ұштасқанына, мүліктің жойылуына немесе бүлінуіне әкеп соққанына, не адамның материалдық немесе өзге де тәуелділігін пайдалана отырып жасалғанына, қылмыстық топтың мүдделерінде жасалғанына, не олар өзге де ауыр зардаптарға әкеп соққанына қарай жаза тағайындалатын болады.

– Жазаның ең төменгі мерзімі – жеті жылға дейінгі мерзімге, белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыра отырып, 3 жыл бас бостандығынан айыру. Ең жоғарғы санкция – белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан он жыл мерзімге айыра отырып, 12 жылға бас бостандығынан айыру. Осы түзетуді қабылдау, азаматтардың конституциялық құқықтарын қорғауды күшейтуге ықпал етеді, лауазымды тұлғалардың заңсыз іс-әрекеттеріне қосымша тосқауыл болады, – деді Нұрдәулет Сәмет.

Алтыншы, заңмен сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі уәкілетті органның жедел-тергеу бөлімшелерінің қызметкерлеріне тұрғын үй төлемдері белгіленеді. Тұрғын үй мәселесін шешу, қызметкерлердің тиісті уәждемесін қамтамасыз ету мақсатында ғана емес, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу үшін де маңызды болып табылады.

zhaikuni.kz

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
67 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
140 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
368 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
851 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1229 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1136 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1588 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2204 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2368 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2376 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2427 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2431 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2051 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
2911 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
2965 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
2959 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3572 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3540 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3531 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3506 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3667 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»