8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
25 Қыркүйек 2020 1634 0
Қоғам

«АРДАГЕР» КЛУБЫ ЖАҢАРДЫ

«Қала күні» мерекесі аясында бүгін, 25 қыркүйек күні Орал шаһарындағы жаңартудан өткен «Ардагер» клубы пайдалануға берілді. 

Орал қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің қалалық мәдени-ағарту бірлестігі жанындағы «Ардагер» клубы 2009  жылы құрылған. Қаладағы ардагерлердің мәдени-рухани талабын қанағаттандыру, мәдени-демалыс жұмысын ұйымдастыру, жастарға тәрбие үлгісін көрсету, ұлттық асыл қазына – салт-дәстүр мен халық музыкасын насихаттау мақсатында жұмыс жасайтын клубқа бүгінде 100-ден аса ардагер мүше.

Қала әкімі Абат Шыныбеков клуб мүшелерімен кездесуде «Қала күнімен» құттықтап, ардагерлердің еліміздің алтын қоры екенін атады. Сондай-ақ зейнетке шықса да жас ұрпаққа тәрбие беруде белсенділік танытып қоғамдық шаралардан табылып жүрген ардагерлерге ризашылығын айтып, ыстық лебізін жеткізді.

Облыстық ардагерлер кеңесі мәдениет және спорт бөлімінің  төрайымы Гүлсім  Кадешова «Ардагер»  клубы мүшелері атынан аға буын өкілдері бас қосатын орынды жаңартудан өткізуге ықпал еткен қала басшысына алғысын білдірді.

Қалалық мәдени-ағарту бірлестігінің басшысы Серік Тоқмамбетовтың мәліметінше, клубты жаңарту үшін қалалық бюджет есебінен 6 млн. теңге бөлінген.

– Ағымдағы жөндеу жүргізіліп, шара өткізу бөлмесі безендірілді. Сондай-ақ материалдық-техникалық жабдықтар алынды. Клуб мүшелері белсенді, өнерлі. Клуб жанында  «халықтық» атағы бар «Ару аналар» мен «Ағалар әуені», «Асыл әже», «Нарын сазы» вокалдық топтары бар. Сондай-ақ «Ардагер» клубына қарасты «Шахмат» клубы да жұмыс жасауда.  Мұнда зейнеткерлеріміз бас қосып, бос уақыттарын жақсы өткізеді, – дейді Серік Әнуарұлы.

Эльмира НҰҒМАНОВА,

zhaikuni.kz

 

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
42 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
251 0
Құттықтаймыз!
Мемлекеттік наградалар табысталды
21 Сәуір 2026
589 0
Құттықтаймыз!
Жаңа кітаптың тұсауы кесіледі!
21 Сәуір 2026
306 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»