8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
24 Қыркүйек 2020 959 0
Дені сау ұлт

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының басты мақсаты қандай?

Күн сайын «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалына медициналық ұйымдарда көрсетілетін медициналық қызмет сапасына қатысты пациенттерден түрлі сұрақтар түседі. Осыған байланысты Қор филиалының сарапшылары медициналық ұйымдар ұсынатын медициналық көмектің сапасына мониторинг жүргізеді, сондай-ақ науқасқа медициналық қызмет көрсетілмеу себебін тексереді.


Медициналық ұйымда қызмет көрсетуге қатысты түсініспеушілік туындаған жағдайда, пациенттер өз мүдделері мен құқығын қорғау үшін қайда жүгіну керек екенін білуі үшін, Қор «пациент құқықығын қорғаудың 6 тәсілі» деген жадынама-кеңес әзірледі.

 

  1. Мәселені шешудің жылдам және ыңғайлы тәсілі – мән-жайды сол жерде талқылап, түсінуге тырысыңыз. Ол үшін әрбір медициналық ұйымда пациентті қолдау және ішкі сараптама қызметі жұмыс істейді. Ол медициналық қызметтің сапасын, олардың толықтығын және стандарттарға сәйкестігін бақылау үшін құрылған. Бұл қызмет медициналық ұйымдағы медициналық көмектің сапасына және клиникалық қызметке ішкі талдау жүргізеді, медициналық қызмет көрсету стандарттары мен тәртіптің бұзылуын анықтайды. Сондай-ақ, азаматтардан келген өтініш, шағымдарды қарайды. Сондықтан, уақыт жоғалтпай бірден пациентті қолдау қызметіне хабарласып, жағдайды сол жерде шешуге, көмек пен ақпарат алуға болады.
  2. Егер пациентті қолдау қызметі түйіткілді шеше алмаса, сіздің мәселеңіз медициналық көмекті ұйымдастыруға қатысты болса, онда денсаулық сақтау басқармасының байланыс-орталығына жүгініңіз. Облысымыздың барлық медициналық ұйымдар денсаулық сақтау басқармасына қарасты, сондықтан байланыс-орталығының қызметкерлері ұйымға тікелей хабарласып, мәселені шешуге ықпал ете алады.
  3. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорында кері байланыстың   бірнеше түрі бар. Мысалы, Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы арқылы (Play Market және App Store орнатуға болады) өтініш қалдыруға болады. Өтінішке нөмір беріледі, содан кейін өңдеуге алынады. Оны Қор мамандары қарайды. Олар медициналық ұйыммен байланысқа шығып, ақпарат сұратады, медициналық көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.
  4. Телефонға қосымша орнатуды ұнатпайтындар үшін Telegram-да Saqtandyrubot арқылы өтініш беру мүмкіндігі қарастырылған. «Басты мәзір» пәрменін басқаннан кейін бірнеше бөлім бар. «1406-ға өтініш жіберу» пәрменін таңдасаңыз, Бот «Өтінішті жіберу» және «Өтініштер тарихын» ұсынады, осылайша өтінімнің мәртебесін тексеруге болады. Өтініште бот командаларына сәйкес өңір, медициналық ұйымның атауы және мәселенің мәні көрсетіледі.
  5. 1406 бірыңғай байланыс орталығы тәулік бойы қоңырау қабылдайды және өтініштерді үш деңгейлі модель бойынша қарастырады. Бірінші деңгейге консультациялық сипаттағы мәселелер жатады. Екінші және үшінші деңгейде егжей-тегжейлі зерттеуді қажет ететін өтініштер қаралады. Қордың мамандары медициналық ұйыммен байланысады, ақпарат сұратады, медициналық көмек көрсету немесе көрсетуден бас тарту себептерін тексереді.
  6. Ресми сайтты пайдаланушыларға Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының fms.kz сайтына кіріп өтініш жасаған ыңғайлы. «Халықтық бақылау» бөлімінен қажетті тапсырманы таңдайды: шағымдану немесе ұсыныс қалдыру. Бірінші жағдайда аймақ, емхана, диагноз, келу күні, ЖСН нөмері көрсетіледі және шағымның себептерінің бірі таңдалады. Ал ұсыныс қалдырғанда, бос өрістерге деректерді толтырып, мәтінді тұжырымдау керек.

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры тұрғындармен байланыс орнатуға ынталы. Пациенттердің өтініштері Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының жеткізушілері көрсететін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасын бақылауға мүмкіндік береді.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
243 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
248 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
537 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
1008 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1385 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1240 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1743 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2362 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2525 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2532 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2584 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2588 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2155 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3066 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3121 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3112 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3733 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3695 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3686 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3661 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3823 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»