8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
23 Қыркүйек 2020 1819 0
Жалын

ОРАЛДА «ҚАЛА КҮНІНЕ» АРНАЛҒАН «ЖАЙДАРМАН» ОЙЫНЫ ӨТТІ

Бүгін, 23 қыркүйек күні «Жайдарман» әзілкештері Орал қаласы күніне арналған кубокты сарапқа салды. Студенттер арасындағы ойын әлеуметтік желілер арқылы тікелей эфирде жүзеге асты. «Қала күні» қарсаңында оздырылған додаға жоғары және арнаулы оқу орындары студенттерінен құралған 9 команда қатысып, бақ сынады.

Қоғамда көрініс тапқан астарлы әзіл-қалжыңымен жеткізуге тырысқан командалар өз өнерлерімен жоғары деңгейдегі дайындықтарын көрсетті.

Тартысты сайыс нәтижесінде үшінші орынға Ж.Досмұхамедов атындағы Жоғары педагогикалық колледжінің «Космос» құрамасы лайық деп танылса, екінші орынға М.Өтемісов атындағы БҚУ атынан келген облыстық жоғары лига ойыншылары «Белес» құрамасы тұрақтады.

«Қала күніне» арналған студенттер арасындағы жайдарман фестивалінің кубогын Батыс Қазақстан инновациялық-теxнологиялық университеті, педагогика факультетінің «Жаңа толқын» тобы жеңіп алды.

Ойын барысында «Үздік ойыншы» аталымын Ақжайық ауданы колледжінен келген «Ампер» жайдарман тобының мүшесі Ғимран Ерсұлтанға бұйырды.

Орал қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Ғасыр» жастар қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен өткен фестивалге қатысқан барлық топ алғыс хатпен мараптталып, жеңімпаздарға бағалы сыйлықтар табысталды.

zhaikuni.kz

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»