8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
21 Қыркүйек 2020 1124 0
Өзек

ҚАЗАҚСТАННЫҢ БЕС ӨҢІРІНДЕ ҚҰС ТҰМАУЫ ТІРКЕЛДІ

ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева бірқатар өңірдегі эпизоотиялық жағдай туралы баян етті, деп хабарлады ҚазАқпарат.

«Бүгінге дейін 47 елдімекенде (25 аудан мен 5 облыста) құс тұмауынан құстардың қырылу фактісі тіркелді. Жеке үйлерде 12 926 үй құсы, сондай-ақ Солтүстік Қазақстандағы құс фабрикаларында 41 мың құс қырылды. Аймақтарды бөліп қарайтын болсақ, СҚО-да 27 ауданда (11 ауданда) құстың қырылу фактісі тіркелді. Оның ішінде құс тұмауы 23 елдімекенде (8 ауданда) расталды. Тиісінше 17 қыркүйектен бастап Ауыл шаруашылығы министрлігі Солтүстік Қазақстандағы жеті ауданнан және Айыртау ауылдық округінен құс өнімдерін шығаруға уақытша тыйым салды», – деді Гүлмира Исаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

айтуынша, құс өнімдерін сыртқа шығаруға тыйым салынған жеті ауданның қатарында Тимирязев, Жамбыл, Қызылжар, Тайынша, Шал ақын, Ғ.Мүсірепов және М.Жұмабаев аудандары бар.

«19-21 қыркүйек аралығында «Бескөл» құс фабрикасында 41 мыңға тарта құс қырылды. Ақмола облысы туралы айтар болсақ, 5 ауданның 9 ауылында құстың қырылу фактісі тіркелді. Жалпы 286 құс өлді. Тиісінше 19 қыркүйектен бастап Ақмола облысының Жарқайың ауылдық округінен құс өнімдерін сыртқа шығаруға уақытша тыйым салынды. Одан бөлек, Қостанай облысының 6 ауданында осындай жағдай тіркеліп, ол жақтарда 505 құс қырылды», – деді ол.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Тағылым
Ғұмар мұрасы – мұражай төрінде
16 Наурыз 2026
22 0
Референдум2026
Маржан той иелері референдумға қатысты
15 Наурыз 2026
80 0
Референдум2026
Кітапсүйер отбасы дауыс берді
15 Наурыз 2026
73 0
Референдум2026
Көп балалы отбасылар өз таңдауын жасады
15 Наурыз 2026
74 0
Референдум2026
Ұлттық рухтың дауысы
15 Наурыз 2026
70 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»