8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
18 Қыркүйек 2020 1502 0
Өзек

ӨРТ СӨНДІРУ КӨЛІГІ АУДАРЫЛЫП, ЖҮРГІЗУШІСІ КӨЗ ЖҰМДЫ

Оқиға, бүгін 18 қыркүйек күні сағат 19.00-де Зачаганск кентіндегі қалалық зират маңында орын алған. АЦ-5(40) МАЗ және «ВАЗ-2114» автокөлігінің қатысуымен жол-көлігі оқиғасы орын алып, нәтижесінде АЦ-5(40) МАЗ аударылып түскен. 

БҚО ТЖД алдын ала деректерге сүйеніп, мәлімет ұсынды.  Яғни, жүргізуші №7 өрт сөндіру бөлімінен №6 өрт сөндіру бөліміне тұрақты орналасу орнына барар жолда алдыңғы доңғалақтың герметизациялануы салдарынан (техникалық сипаттағы жол-көлік оқиғасы) алдында келе жатқан жеңіл автокөлігімен соқтығысуына жол бермеу және жүргізушісі мен жолаушылардың құрбан болуына жол бермеуге тырысып, жол жиегіне шығып кеткен.
Осылайша, өрт сөндіру автокөлігі аударылып, азаматтық қорғау старшинасы жүргізуші-қызметкер оқиға орнында көз жұмды.
«Ол №6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкері болатын. Өте білікті жүргізуші болды. Бүгін Круглоозерный орман шаруашылығының өрт қауіпті аймағын бақылап, келе жатқан. Алдында келе жатқан көлікті қақпас үшін өз өмірін қиған құрметке лайық адам» – деп жазылған БҚО ТЖД-ның инстаграмдағы парақшасында.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Мезгіл мәселесі
Көші – қонда биылдан бастап не өзгереді?
28 Қаңтар 2026
137 0
Құттықтаймыз!
ЖАҢА ТАҒАЙЫНДАУ
19 Қаңтар 2026
381 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»