ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТТІ ТАҢДАҒАНДАРҒА СЕНІМ ЗОР
Қазақ армиясының қатарын кәсіби білікті әскерилермен толықтыру мақсатында елімізде әскерден босаған қатардағы сарбаздарды келісімшартпен әскери қызметке қабылдау жүзеге асырыла бастады. 2012 жылдың 16 ақпанында қабылданған Қазақстан Республикасының «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі» туралы Заңының VI тарауында келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеру жөнінде арнайы баптар қарастырылған. Осы бап негізінде Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында келісімшарт бойынша қызметке орналасушыларды жинақтау жұмыстары жүргізілуде.

Келісімшарт бойынша әскери қызмет ерікті түрде жүреді. Қызметке ниет білдіруші азаматтар мынадай талаптарға сай болуы тиіс. Біріншіден, Қазақстан Республикасының азаматы болуы тиіс. Сонымен қатар курсанттарды қоспағанда, жасы он сегізден кіші болмауы керек. Әскери атағына байланысты әскери қызметте болудың осы заңда белгіленген шекті жасынан бес жас кіші, әскери лауазымға сәйкес келетін әскери есептік мамандығы бар және әскери кафедра немесе әскери оқу резервтерінде болған азаматтар ғана қабылданады. Азаматтың денсаулығы жақсы және бұрын сотталмаған болуы шарт. Осы талаптарға сай азаматтар жергілікті әскери орындарға жолығып, олардың келісімін алған жағдайда, Қазақстан Республикасының Қарулы күштерінің уәкілетті лауазымды тұлғасымен, әскери бөлім командирімен келісімшарт жасасады. Келісімшарт әуелі үш жылға келісіледі. Содан кейін әскери қызметшінің қалауы бойынша бес жылға, одан әрі 10 жылға ұзартылады.
Қабылданған заңның VIII тарауында әскери қызметшілерді әлеуметтік қамсыздандыру жайы жан-жақты қарастырылған. Бұл қызметтің ең басты артықшылығы-кепілді және уақытылы түрдегі лайықты еңбекақы. Ол әскери лауазымдары мен шендеріне қарай есептеледі. Соңғы кездері ел Үкіметі әскери қызметшілердің әлеуметтік жағдайын жақсартуға баса көңіл бөлуде. Мемлекет тарапынан берілетін қызметтік баспана немесе отбасы мүшелерінің санына және қызметіне байланысты төленетін өтемақы, мемлекет есебінен әскери-медициналық мекемелерден берілетін медициналық қызмет-осының барлығы Отан қорғаушыларға жасалып отырған қамқорлықты, ел мүддесіне қызмет етудің артықшылығын көрсетеді. Бүгінде Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында еліміздің Нұрсұлтан, Ақтау, Атырау қалаларындағы әскери бөлімдерге келісімшарт бойынша әскери қызметке іріктеу жалғасуда. Әскери қызметке жинақтау бөлімі Отан алдындағы парызын өтеп келген және өтеп жүрген азаматтармен кездесулер ұйымдастыруда.
ҚР Қарулы Күштері азаматтарды келісімшарт бойынша әскери қызметке шақырып, ел тыныштығы мен қауіпсіздігі үшін Отан қорғаушы мамандығын таңдағандарға сенім артады. Әскери қызметші болуға ниеттенген азаматтар болса, Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы келісімшарт бойынша әскери қызметке жинақтау бөліміне жолығып, осы бағытта кеңінен мағлұмат алуына болады.
Мекенжайымыз: Орал каласы Абай даңғылы, 100, тел: 53 86 60.
Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу