ОРАЛДА 20 МЫҢНАН АСТАМ ОҚУШЫ ШТАТТЫҚ РЕЖИМДЕ БІЛІМ АЛУДА
Оқушылардың қауіпсіздігі үшін мектептер барлық санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақалады. Ол үшін тепловизор, санитайзер, бактерицидтық шам, кілемше, деохлор, антисептик сынды қажетті заттар жеткілікті көлемде алынып, білім ұялары толық қамтамасыз етілген.

2020-2021 оқу жылында Орал қаласының 51 жалпы орта мектебінің 50-і қашықтықтан оқыту форматында, 1 мектеп – Ветелки ауылындағы №29 мектеп 57 оқушысымен штаттық режимде жұмысын бастады.
Жалпы қала мектептерінде 1-11 сыныптарда 52 865 оқушы, мектепалды даярлық топтарында 3383 оқушы білім алуда. Білім бөлімінің мәліметінше, бастауыш сыныптар ата-аналар өтініші негізінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып, штаттық режимде оқытылып жатыр. Қазіргі таңда 1665 кезекші сыныпта 20702 оқушы мектеп қабырғасында білім алып жүр.
Кезекші сыныптардың жұмысын ұйымдастыру кезінде санитарлық-дезинфекциялық режимді күшейту мақсатында санитарлық талапты сақтау шаралары бойынша 51 мектеп 200 тепловизормен, 591 санитайзермен, 113 бактерицидтық шаммен, 222 кілемшемен, 131100 деохлормен, 3740 антисептикпен қамтамасыз етілген.
Барлық санитарлық талаптар сақталып оқу үрдісі ұйымдастырылуда. Атап айтқанда, мектептерде медицина қызметкерлері барлық қызметкерлермен білім алушылардың денсаулық жағдайына бақылау жүргізеді. Нақтырақ айтсақ, термометрия, ғимаратқа кіре берісте қолды антисептикпен өңдеу, аяқ киімнің табанын өңдеу, аяқ киімді ауыстыру сынды санитариялық-эпидемиологиялық талаптардың сақталуын мектеп әкімшілігі қадағалайды. Сонымен қатар мектептерде кезекшілік ұйымдастырылып, медициналық қызметкермен бірге температураны байланыссыз термометрмен өлшеп, персоналға нұсқау беріп, жеке қорғану құралдарын уақытылы ауыстырып, дезинфекциялап, жуу және антисептикалық құралдардың қажетті қорын қадағалап, нұсқаулық, термометрия журналы жүргізіледі.
Дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, кіші қызметкерлер есік тұтқаларын, сантехника жабдықтарын күніне кемінде 2 рет ылғалды жинайды.
Оқушылар мен персоналдардың қолдарын өңдеу үшін әр қабатта, әр сыныпта, санитарлық тораптарда қол жетімді жерлерде тері антисептигі қойылды, диспенсерлер және лас маскаларға арналған таңбаланған сыйымдылықтар орнатылған.
Әр ауысымда бір-бірінен 1,5 метрден кем емес қашықтықта 1 парта 1 балаға бекітілді. Әрбір сынып бөлмелерде, сондай-ақ жалпы мектеп ғимаратында қашықтық сақтауға арналған белгілер салынған.
Барлық мектептерде сабақ кестелері құрылып, екі ауысымда кесте бойынша сабақ жүргізілуде.
zhaikuni.kz
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.

Кіру
Пікір үстеу