А.БАЙДЕУОВ: «ЖОЛДАУ ЖҮКТЕГЕН МІНДЕТТЕР ОТАНДЫҚ МЕДИЦИНАНЫ ӨРГЕ ЖЕТЕЛЕЙДІ»
![]()
– Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында медицина қызметкерлерін қолдау бағытында көп бастамалар көтерді. Баршаға белгілі кейінгі айларда Батыс Қазақстан облысының тұрғындарына коронавирустық инфекциямен күресу қиынға соқты. Жұқтырғандардың күрт өсуінен жұқпалы аурулар стационарлары мен провизорлық госпитальдар толды. Дәрігерлер мен медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігі, дәрі-дәрмектер тапшылығы – біз үшін үлкен сынақ болды. Дәрігерлерге жүктеме көбейді. Қазіргі таңда жағдай тұрақты.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың халыққа арнаған Жолдауында атап көрсетілгендей, 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы еліміздегі орташа жалақыдан 2 есе жоғары болады. Биылғы ІІ жартыжылдықта пандемиямен күрескен медицина
саласының мамандарына көтермелеу ретінде қазынадан 150 млрд. теңге қосымша қаражат бөлінеді. Ал 2025 жылға қарай еліміз бойынша 20 заманауи медициналық орталық салынады. Сонымен бірге індет кезінде аса қажеттілік тудырған эпидемиолог, реаниматолог, пульманолог, инфекционист, кардиолог сынды мамандар даярлауға көбірек көңіл бөлінбек. Мемлекет халықтың орташа өмір сүру ұзақтығын 75 жасқа ұлғайтуды қолға алады. Сонымен қатар шалғайдағы ауылдарда халықтың денсаулығын жақсарту мақсатында транспорттық медицинаны дамыту жүзеге асырылады.
Осынау игіліктер келешек те отандық денсаулық сақтау саласын өрге бастырады деген ойдамыз. Жалпы медицинаның ұлт болашағында маңызды рөл алатынын пандемия анық көрсетіп берді. Сондықтан Президенттің Жолдауда бұл салаға айрықша тоқталуы елдің келешегіне деген қамқорлықты білдіреді.
Арман БАЙДЕУОВ, БҚО көпсалалы аурухананың директоры
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Миссия СНГ заявила об открытом и спокойном проведении референдума в Казахстане
Представитель Мьянмы: Опыт референдума в Казахстане может быть полезен другим странам
Қырғызстаннан келген бақылаушы азаматтардың референдумға белсенді қатысқанын атап өтті
«Халық үні» растайды: Учаскелердегі дауыс беру барысы Орталық комиссияның деректеріне сай келеді
Наблюдение за референдумом: фонд «Ел Дауысы» озвучил предварительные выводы
«Нарушений нет»: представитель ЦИК России о референдуме в Казахстане
Международный наблюдатель Ахмет Йенер: референдум в Казахстане прошел открыто и с высокой явкой
Референдум Қазақстандағы демократиялық процестердің одан әрі дамуына жасалған маңызды қадам – ШЫҰ байқаушылары
Ақ жаулықты әжелер мен абзал ағалар – азаматтық белсенділік үлгісі
Оралда «Мерейлі отбасы» байқауының жеңімпаздары өз таңдауларын жасады
Оралда Наурыз мерекесіне орай «Ақжайық» әжелер ансамблі өнер көрсетті
Продовольственные ярмарки проходят возле участков для голосования в ЗКО
В Уральске свой гражданский долг исполнил ветеран Великой Отечественной войны Вениамин Скаленко
Қаратөбе ауданындағы референдум учаскелерінде дауыс берушілер арасында садақ атудан сайыс өткізілді
Батыс Қазақстан облысында республикалық референдум күні сайлау учаскелерінде мерекелік көңіл-күй қалыптасуда.

Кіру
Пікір үстеу