С.АБУЛҒАЗИЕВА: «ҰЛТТЫҢ ЖАҢА БОЛМЫСЫНА САЙ БОЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ»

Ел Президентінің ел-жұртқа осы жолғы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауының қозғамаған тақырыбы қалмағандай. Даладағы да, қаладағы да тұрғынның көкейіндегісін дөп басып, әр салада қолға алынуы тиіс сан түрлі тапсырманы үйлесімді ұсына білуі Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың көрегендігі мен мол тәжірибесінің айғағы деп ойлаймын.
Өз басым тұтас ұлттың сапасын арттыруға бағытталған халқымыздың жаңа болмысын қалыптастыру идеясын ерекше қолдаймын. Президентіміз еліміздің жастарына терең білім игеруге талап қойып, жас буынды еңбек етуге бейімдеуді аға буынға аманаттағандай әсерде болдым. Кез келген істі кәсіби дағды арқылы жүзеге асыру қажеттігі жайлы ойы «Шымшық сойса да қасапшы сойсын» деген халқымыздың қанатты сөзімен үндес әрі заманауи өзектілікке ие. Қазіргідей әлеуметтік желі, интернет желісі дамыған заманда кәсібилік пен әдеп нормаларын құлаққа ілмей, артық сөзге жол беріп қоятын жандар осы сөзге ұйыса игі. «Темірдей тәртіп және жоғары жауапкершілік баршамыздың бойымызда болуы керек» деген ұстаным да оң нәтижесін беріп, қоғамның дұрыс бағытта дамуына, әр істе тазалық пен әділеттіліктің салтанат құруына жол салады деп сенемін.
Сонымен қатар ұлттың жаңа болмысын бойына жиған тұлға әділетті, бос сөз бен даңғазалықтан аулақ болуы қажеттігі айтылды. Құр сөзден гөрі іспен сыналатын жалынды жастардың кезеңі келгені, ел болашағы үшін еңбек етуге пейілді жастарды ҚР Президенті Қ.Тоқаевтың қолдайтындығы ерекше қуантады.
Қазақ қоғамын дендеген дерт – жемқорлық жайы да Жолдаудан тыс қалмады. Сыбайлас жемқорлық фактісі үшін жазаны қатайту тұрғысынан Қылмыстық кодекске өзгерістер енгізу туралы тапсырма болашақта бұл дерттің тамырына түбегейлі балта шабуға айқын қадам іспеттес. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыс жасағандарға шартты түрде мерзімінен бұрын босату шарасы қолданылмауы, жемқорлықпен ұсталғандардың мемлекеттік қызметте және квазимемлекеттік секторда жұмыс істеуіне өмір бойы тыйым салатын қағиданың қатаң сақталуы кез келген қызметкердің жауапкершілікті сезініп, шалыс қадамнан сақтануына негіз болады деп сенемін.
Салтанат АБУЛҒАЗИЕВА, Х. Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрының директоры, «Серпер» Жастар одағы сыйлығының лауреаты
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу