ЖЫЛУҒА ТҰТЫНУШЫЛАР БЕРЕШЕГІ 400 МИЛЛИОННАН АСҚАН
Қысқы жылыту маусымына дайындық кезеңіне 405,9 миллион теңге қаражат бөлініп, нақты жұмыстар атқарылып келеді. Соның ішінде жылу электр орталығына 230,943 миллион теңге қарастырылып, бүгінгі күні жөндеу жұмыстарының 85 пайызы орындалған. Ал жылу желілерін жөндеуге 175 миллион теңге бағытталған. Жылу энергиясы бойынша дебиторлық қарыз қазір 440,74 млн. теңгені құрайды. Соның ішінде кәсіпорындар берешегі – 27,76 млн. теңгеге жетсе, қарапайым халықтың қарызы – 412,13 млн.теңгеге қордаланған. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте «Жайықжылуқуаты» АҚ бас директоры Қуат Мусин мәлімдеді.

Қуат Наурызұлының айтуынша, бүгінгі күні кварталішілік желілер бойынша Фрунзе көшесі бойымен ТК-3-тен ТК-4 2D273мм-ге дейін ұзындығы 170 метр жылу желілерін ауыстыру, жылу желісін ТК-6-дан ТОП-22 дейін көшіру, Әйтиевтен Петровский көшесіне дейін, ұзындығы 174м 2D273мм, Қонаев шағынауданының жылу жүйесін ТК-3-тен ТК-4-ке дейін 2Д159мм, 1Д159мм, 1D108мм, ұзындығы – 145м қайта төсеу жұмыстары жүргізілген. Х.Доспанова көшесіне ТМ-2 жылу магистралін қайта төсеу бойынша монтаждау жұмыстары аяқталған. Кәсіпорынның балансында және қолданыста ұзындығы 21,89 шақырымды құрайтын жылу желілері бар 22 қазандық орналасқан. Оның 10-ы жылыту кезеңінде ғана жұмыс істесе, 12 қазандық жыл бойы үздіксіз іске қосулы.
«Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 546,303 млн.теңгеге «Зачаганск кентіндегі «Водстрой» АТП қазандығын қайта жаңарту» жобасын іске асыру үшін «Жайыққұрылыс» ЖШС-мен келісімшарт жасалған. Бүгінде демонтаждау жұмыстарының 90 пайызы аяқталыпты. Қазіргі уақытта механикалық жабдықтың жылуына базаны дайындау жұмыстары жүргізілуде. Үш дана ыстық су қазандықтарын жеткізу жоспарланып отыр. Оның бірі 10 қыркүйекте, қалған екеуі 15-20 қыркүйекте жеткізіледі деп күтілуде. Қазандыққа 33 тұрғын үй (2 147 абонент), 7 әлеуметтік-мәдени нысан қосылған. Қазан айының біріне дейін қазандық қондырғыларын, құрылымдары мен инженерлік желілерді іске қосу және кешенді сынау, негізгі, қосалқы жабдықты іске қосу аяқталады. Сондай-ақ кәсіпорын басшысы компания алдындағы қарыз қордаланып тұрғанын ашып айтты.
– Сату бөлімінің қызметкерлері төлемдердің уақытылы түсуін үнемі қадағалап отырады, төлем мерзімі кешіктірілген жағдайда сот арқылы қарызды өндіріп алу үшін тұрақты төлем жасаушыларға хабарлама, ескерту беріліп, құжаттар толтырылады. Жыл басынан бері №2 қалалық сотқа жалпы сомасы 9,04 млн.теңгеге 108 талап-арыз түскен, оның ішінде сот 5,01 млн.теңгеге 74 талапты қарады. Бүгінгі күні ұсынылған талаптарға сәйкес 1,6 млн.теңге көлемінде төлем жүргізілді, – деді Қуат Наурызұлы.
Сондай-ақ жеке тұлғаларға нотариус арқылы жалпы сомасы 68,96 млн.теңге болатын 1663 өтініш жіберілген. 57,03 млн.теңгеге 1371 атқару хабарламасы шығарылса, оның 27,27 млн.теңгесі төленіпті. Заңды тұлғаларға жалпы сомасы 3,7 млн.теңгені құрайтын 367 өтініш жіберілген. Қазіргі таңда нотариус үш миллион теңгені құрайтын 25 өтінішті қарастыруда. Осы жылдың бірінші қыркүйегіндегі жағдай бойынша заң консультанттары жеке сот орындаушыларына 118,35 млн.теңге болатын 2 426 атқару бұйрығын аударған. Жылжымайтын мүлікті қамауға алу бойынша 43,9 млн. теңгені құрайтын 805 қаулы қаралса, 19 млн. теңге болатын берешегін төлемегендердің банктік шоттары мен карталары бұғатталған. 475 өтінім негізінде борышкерлерге елден шығуға шектеу қойылған. Айта кету керек, 1 қыркүйектен бастап көшпелі касса жұмысын бастаған. Сегіз күн ішінде халықтың 253 мың теңге берешегі жиналған.
Ал Орал қаласы әкімінің орынбасары Мирас Мүлкәйдің сөзінше, қазіргі таңда 106 ПИК қызмет көрсететін 632 көпқабатты тұрғын үйде сығымдау жұмыстары атқарылыпты. Бүгінде «Коммунальник», «Комплекс», «Жамбыл», «Жаңа Октябрь», «Альянс», «Фадеева» ЖК, «Мира – 52», «Чайка», «Родник», «Строитель», «КазБатысСервис», «БатысКуаныш+», «Авиатор», «Уют-5», «Таза Аудан» ЖШС, «Жәңгір хан 17», «Дорожник» ПИК-тері дайындық құжаттарын алған.
– Сығымдау процесі жылу инспекциясы мамандарының қатысуымен өтеді. Мамандар сығымдау аяқталғаннан кейін қателіктер бойынша ұйғарым береді. Ұйғарымдар толықтай орындалған кейін әр ПИК төрағаларына дайындық паспорты беріледі. Ал иесіз үйлерде дайындық паспорты әр үй үлкендеріне беріледі, – дейді ол.
Х.Чурин 119, Покатилов 69/1, Гагарин 36/4, Луговая 47/1, Мясокомбинат, 8, У.Громов 2/1, С.Восток 15, Абай даңғылы 88/1, Алмазов 58А, 2-й Завокзальный тупик 2, Ружейников 13, Құрманғазы 111, Екінші шақырым 24/1, 4-линейный көшесі, 26, секілді үйлерде жылыту маусымына дайындық бойынша әр жыл сайын бірқатар мәселелер орын алатын көрінеді. Сондықтан қазіргі уақытта аталған мекенжай тұрғындарымен бөлім мамандары түсіндірме жұмыстарын жүргізуде. Қызмет көрсетуге жатпайтын иесіз үйлерде сығымдау жұмыстарын тұрғындар өздері атқаруы қажет немесе арнайы қызмет көрсетуші «Шебер», «Желтоков», «Харламов», «Бахарева» жеке кәсіпкерліктеріне жүгінуі тиіс.
Кәусар БАЙҒАЛИЕВА
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу