ЖАЙЫҚҚА ЛАС СУ ТӨГІЛУДЕ
«Батыс Су Арнасы» ЖШС мамандары оны қауіпсіз дейді.

Өзенге лас судың төгіліп жатқанын жергілікті тұрғындардың бірі ұялы телефонына түсіріп алған. Бейнежазбаға зер салсақ, онда түсініксіз сұйықтықтың Жайық өзеніне құйылып жатқанын аңғарасыз. Экология департаментінің мамандары бұл мәселе бойынша жұмыстанып, су сынамаларын талдауға алғанын мәлімдеді. Ал «Батыс Су Арнасы» ЖШС мамандары өзенге құйылған беймәлім сұйықтықтың қауіпсіз екенін айтты.
Бейнекөріністің авторы лас судың Подстепное ауылы маңындағы көпірден түсіріп тұрғанын айтады. «Батыс Су Арнасы» ЖШС директорының орынбасары Арман Кенжебаев бұл мүлдем қауіпсіз және өзенге ешқандай экологиялық зиян келтірмейтініне сендірді.
– Бұл – сүзгілерді жуу процесі. Жайық суын ауыз су ретінде пайдалану үшін бірнеше мәрте сүзгіден өткіземіз. Яғни, барлық саз бен құм сүзгілерде қалады, сондықтан біз оларды уақытымен жуамыз. Сондықтан бұл ағызу саз бен құм араласқан қалдық су болып табылады. Мұндай төгінділерге рұқсат бар, біз сүзгілерді күніне бірнеше рет жуамыз, – деді ол.
ЕСКЕРТЕМІЗ: видеода балағат сөздер айтылады
Версия для печати
Соңғы жаңалықтар
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс
Елімізде жасанды интеллект пен цифрландыру бағыты жаңа деңгейге көтерілуде
«Ауыл – ел тірегі: даму мен серіктестіктің жаңа кезеңі» атты облыстық форум аясында көрме ұйымдастырылды
Астанада Қазақстандағы Ресейдің мәдениет күндері аясында Ресей киносы фестивалі басталды

Кіру
Пікір үстеу