8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
08 Қыркүйек 2020 1497 0
Қоғам

«УЧАСКЕ» ЖЕДЕЛ-ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ІС-ШАРАСЫ БАСТАЛДЫ

 Халық арасында ішкі істер органдарының имиджі мен беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым-қатынас орнату, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу мақсатында Батыс Қазақстан облыс аумағында 2020 жылғы 7 қыркүйек – 1 желтоқсан аралығында «Учаске» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіледі.

Осы уақытта учаскелік полиция инспекторларымен өздерінің бекітілген әкімшілік учаскесінде халықтармен танысу мақсатында және тұрғындардың арасында болған әр түрлі құқық бұзушылықтарды анықтау үшінаула және көп қабатты үйлер тексеріледі. Ішкі істер органдарының профилактикалық есебінде тұрған тұлғалар тексеріліп, олармен профилактикалық жұмыстар жүргізіледі.

Жалға берілетін пәтерлер, азаматтық қару иелері,  базарлар мен өзге сауда жасау орындары, жастар және кәмелетке толмағандардың тарапынан құқыққа қарсы әрекеттер жасауына жол бермеу мақсатында олар шоғырланған жерлерде, саяжай алқаптары, құрылыс объектілері, оның ішінде тоқтатылған және нысандар, шатыр, жертөлелер, канализациялық құдықтар және  өзге орындар тексеріледі.

Учаскелік полиция инспекторларының негізгі күштері ауылдық жерлерде қыстақтарды тексеруге бағытталады. Тексеру барысында тіркелмеген қарулар мен тыйым салынған заттарды сақтағандарды анықтау мақсатында тұрғылықты мекенжайлары жоқ адамдар, адамдарды заңсыз жұмысқа пайдалану, шетелдік азаматтардың көші-қон келу ережесін бұзу фактілері назарда болады

Сонымен қатар, учаскелік полиция инспекторларымен, жергілікті орындау өкілдері және жұртшылықтын қатысуымен тұрғындармен кездесулер ұйымдастырып, халық арасында туындаған құрделі сұрақтарын зерделеп, оң шешімін табуға бағытталады.

Барлық керек ақпаратты мына телефондар арқылы 98-43-09, 98-43-11 және 98-43-13 БҚО ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасынан алуға болады.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Құттықтаймыз!
Құрметті Орал қаласының тұрғындары!
30 Сәуір 2026
47 0
Өңір жаңалықтары
Оралда «Достық» фестивалі өтті
30 Сәуір 2026
95 0
Қоғам
Ұмытылмас ерлік
29 Сәуір 2026
54 0
Өңір жаңалықтары
БҚО-да ауыл әкімдерінің форумы өтті
24 Сәуір 2026
283 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»