Қор МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті қаржыландыруға 156,7 млрд. теңгеден астам қаражат бөлді
Жарты жылдың қорытындысы бойынша Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС пакетіндегі медициналық көмекті төлеуге 156,7 млрд теңгеден астам қаржы жіберді, деп хабарлады ӘМСҚ баспасөз қызметі.

Осылайша 6 ай ішінде МӘМС-ке 260 млрд теңгеден астам сомада жарналар мен аударымдар түсті. Сонымен қатар, олардың басым бөлігі – 146,6 млрд теңге – бұл халықтың 15 жеңілдікті санатына жататын 11 млн.-ға жуық азамат үшін жарнаны мемлекет төледі.
Қор 2020 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша МӘМС пакеті шеңберінде көрсетілген медициналық қызметтер үшін 156,7 млрд теңгеден астам қаражат төленді. Төлем халыққа көрсетілген медициналық қызметтердің сапасы мен көлеміне мониторинг жүргізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады. Клиникалық хаттамаларды және емдеуге қажетті талаптарды сақтай отырып, факті бойынша көрсетілген және құжатпен расталған қызметтер ғана төленеді.
Қордың баспасөз қызметінде түсіндіргендей, МӘМС үшін жарналар мен аударымдар Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының өзіне емес, Ұлттық банктегі арнайы шотқа түседі. Ол жерден қаражат МӘМС пакеті бойынша көрсетілген медициналық қызметтерге ақы төлеуге медициналық ұйымдар – Қордың жеткізушілеріне жіберіледі.
Қорда нақтылағандай, жарты жылдықтағы шығындардың басым бөлігі стационарлық медициналық көмек төлемі – 50 млрд теңгеден астам. 6 ай ішінде жоспарлы түрде еліміздің стационарларында 630 мыңнан астам адам емделді.
Көрсетілген консультациялық-диагностикалық көмек үшін шамамен 42 млрд теңге төленді. Атап айтқанда, диагностикалық қызметтер арасында КТ және МРТ қызметтері азаматтар үшін өзекті. Жарты жыл ішінде пациенттерге 1,1 млрд теңгеден астам сомаға 96 мыңнан астам КТ қызметі және 1,6 млрд теңгеден астам сомаға 101 мыңнан астам МРТ қызметі көрсетілді.
Сонымен қатар, қаңтар мен маусым аралығында 3 млн-нан астам стоматология, 2 млн-ға жуық рентген және 1,6 млн-нан астам УДЗ-диагностика қызметтері көрсетілді, олардың жалпы құны 15 млрд теңгеден асады. Олардың барлығы МӘМС пакетінде медициналық сақтандыру қаражаты есебінен көрсетілді, пациенттерге медициналық көмек үшін Қор ақы төледі.
Естеріңізге сала кетейік, бірінші жартыжылдықта барлық қазақстандықтар МӘМС жүйесінде шартты түрде сақтандырылған және медициналық қызметтерді кепілді көмек аясында, сондай-ақ МӘМС аясында пайдалана алатын.
Сонымен қатар, құны 11 млрд теңгеден асатын 50 мыңнан астам қазақстандық медициналық оңалтудан өтті. Жарты жылда тағы 3,8 мыңнан астам азамат 11 млрд теңгеден астам сомаға жоғары технологиялық медициналық қызмет алды.
Естеріңізге сала кетейік, екінші тоқсанда карантин аясында жоспарлы түрде медициналық көмек көрсетуге шектеу қойылды. 1 тамыздан бастап еліміздің клиникаларында жоспарлы медициналық көмек қайта басталды, сондықтан екінші жартыжылдықта МӘМС жүйесінде көрсетілген медициналық қызметтер бойынша көрсеткіштердің өсуі күтілуде.
«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу