8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

Орал қалалық «Жайық Үні» газеті – жаңалықтың жаршысы!

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
04 Қыркүйек 2020 1558 0
Жалын

«КАРАНТИНДЕГІ КАНИКУЛ» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖҮЛДЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Батыс су арнасы» ЖШС және «Орал қаласы бойынша Су арнасының жергілікті кәсіподағы» жыл сайын тамыз айында «Мектепке жол» акциясын өткізеді. Оған қоса жазғы демалыс уақытында мекеме қызметкерлерінің балалары арасында байқау өткізіп, жүлдегерлерге мектепке  қажетті құрал-жабдықтардан сый ұсынды. 

– «Мектепке жол» акциясы аясында қызметкерлердің ішінен 3 және одан да көп балалары бар ата-аналарға, жалғыз басты аналар мен әкелерге, жесір аналар мен әкелерге 8000 теңге көлемінде ақшалай қаржы бөлініп келеді. Биыл пандемияға байланысты кәсіпорын қызметкерлерінің балалары туристік және сауықтыру лагерьлеріне жолдама ала алмады. Осыған байланысты біз он-лайн байқау өткізу туралы шешім қабылдадық, – деп хабарлады кәсіпорынның баспасөз хатшысы Альфия Шамаева.

20 тамызында кәсіпорын қызметкерлерінің балалары үшін сурет, фото, видео және шығармашылық бағыттар бойынша «Карантиндегі каникул»  байқауы  жарияланған. 3 қыркүйек күні байқаудың қорытындысы шығарылып, жүлдегерлер  салтанатты түрде марапатталды.

Сурет байқауы бойынша бірінші орын 12 жасар Елнара Сейтжанқызына берілсе, екінші және үшінші орындарды Вера Соколова  мен Дильнара Төлегенова алды.  Осы бағыт бойынша  Нұрхат  Махутов, Аида Қуантай, Камилла Залмуканова ынталандыру сыйлықтарына ие болды.

Видео байқауда үш жастағы Амина Сыйлыбаеваның видеосы үздік деп танылды. 4 жасар Дильназ Оразғали – екінші, 7 жасар Полина Чебакова – үшінші орын алды. Каникулдағы қызықты сәтті түсірген Саят Серікбай мен Даяна Мантаковаға да  ынталандыру сыйлығы берілді.

Ән айтып, би билеп немесе тақпақ оқып, шығармашылық байқауға түскендер арасынан 10 жасар Әсемгүл Махутова – бірінші, Дильназ Қошанова – екінші, Арина Калинина – үшінші орын алды. Өнерлі балғындар Айару Бақтығали, Ульяна Семенихина, Алевтина Калинина, Ульяна  Доронина, Жәмиля Қожахметоваға ынталандыру сыйлықтары ұсынылды.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
«Әділет» партиясы
ПАРТИЯ ӨКІЛДЕРІ – БӨКЕЙ ОРДАДА
05 Қараша 2026
56 0
«Әділет» партиясы
Шыңғырлауда сайлауалды кездесу өтті
04 Қараша 2026
108 0
«Әділет» партиясы
КӨШПЕЛІ ШТАБ ЖҰМЫСЫ СЫРЫМ АУДАНЫНДА ЖАЛҒАСУДА
03 Қараша 2026
147 0
Өңір жаңалықтары
Бүгін – Республика күні
25 Қазан 2026
408 0
Өңір жаңалықтары
Тасқала ауданында 26 отбасы баспаналы болды
23 Қазан 2026
428 0
«Орал қаласының көркем жерлері»
«Ғаламтор ресурстары»