8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
03 Қыркүйек 2020 868 0
Қоғам

«АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖЕРЛЕРІН МАҚСАТТЫ ПАЙДАЛАНУ МӘСЕЛЕСІ ШЕШІЛЕДІ»

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Жолдауында жер-жаһанға зор қауіп төндірген пандемиямен күресте жұдырықтай жұмыла білген халқымызға алғысын білдіріп, азаматтардың өмірі мен денсаулығын қорғауда ерен еңбек еткен дәрігерлердің, құқық қорғау органдары қызметкерлері мен әскери қызметшілердің, еріктілер мен кәсіпкерлердің қызметін айрықша атап өтті. Әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты және жұмыс орындары мен халықтың табысын сақтау сияқты негізгі басты міндеттерді айқындады. Пандемия кесірінен болған дағдарыс бүкіл әлемге ауыр соққы болды. Соған қарамастан мемлекет дағдарыс кезінде табыссыз қалған тұрғындарды қолдау шараларын күшейтіп, әлеуметтік жәрдем беруді жалғастырды.  Бұл туралы   бүгін  Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру мақсатында өткен облыс активінде жан-жақты талқыланды. Жиынға облыстық мәслихат депутаттары, қала және аудан әкімдері, облыстық басқармалар мен департамент басшылары, саяси партиялар филиалдарының, үкіметтік емес және жастар ұйымдарының жетекшілері, зиялы қауым өкілдері қатысты. 

Мемлекет басшысы шикізат нарығынан тәуелсіз болатын жаңа жағдайдағы іс-қимыл шараларын қабылданып, жеті қағидатқа негізделген тың бағыттағы экономикалық саясат жүзеге асатынын мәлімдегені белгілі. Елде шағын және орта бизнестегі жалпы ішкі өнімнің үлесі 2025 жылға қарай 35%-ға дейін артуы тиіс. Ауыл шаруашылығын дамытпай, бәсекеге қабілетті экономиканы құру мүмкін емес. Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Осыған байланысты облыс әкімі Ғали Есқалиев бұл бағытта қолға алынған іс-шараларға тоқталды. – Келесі жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Тәуелсіздік жылдарына дейін өңірде 2 миллионға жуық гектар егістік жерлер болған болса, бүгінде оның саны 542 мың гектарды құрайды. Ал жайылым 10 млн 540 мың гектар болса, қазіргі таңда жайылым жерлер 5 млн 527 гектарды құрап отыр. Яғни Батыс Қазақстанда жайылым және егістік жерлерін арттыруға мол мүмкіндік бар. Аталған бағытта ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану бойынша жұмыстар жүргізіліп жатыр. Өткен жылдан бері мемлекет меншігіне көлемі 108 мың га жерлер қайтарылып, 33 мың га қайта ауыл шаруашылығы айналымына енгізілді, 442 мың га жер телімдерін қайта игеру басталды. Осы жұмыстарды әрі қарай жалғастыру және жеделдету мақсатында өңір жерлерін цифрлы форматта көруге мүмкіндік беретін геоақпараттық портал аяқталуда. Жолдауда ауыл еңбеккерлерінің ауыр жұмысы тым арзан бағаланатыны және табыстың басым бөлігіне алыпсатарлар кенеліп жататыны атап өтілді. Президентіміз ауыл шаруашылығын дамыту мақсатында аграрлық секторға инвестиция тарту қажеттігін баяндай келе, жеріміздің шетелдіктерге сатылмайтынын қадап айтты. «Мемлекет басшысы атап өткендей, мемлекеттік қызметкерлер мен қоғам белсенділері жұмыс тиімділігін арттырса, үлкен нәтижелерге қол жеткізу қиын емес. Әрқайсымыз азаматтардың өмір сүру сапасын арттыру туралы Елбасы стратегиясының жүзеге асырылуына жауаптымыз, – деді өңір басшысы Ғали Нәжімеденұлы.

Жиында «Конденсат» акционерлық қоғамы директорлар кеңесінің төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Фарид Бахтиозин, «Ақжайық – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Әлия Салиева, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияров, «Alfa 99» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры, Орал қалалық мәслихатының депутаты Марат Каженов, Ақжайық ауданы «Мұқадес» шаруа қожалығының жетекшісі Ақылбек Сағитов сөз алып, Жолдау ауқымында жүзеге асуы тиіс міндеттемелер жөнінде өз ұсыныстарын айтты.
Мемлекет басшысы тапсырмасымен 2021 жылдан бастап БЖЗҚ салымшылары баспана немесе білім алуға және емделуге зейнетақы қорындағы қаржы бөлігін пайдалана алады. Өңір басшысының мәлімдеуінше, облыста 26 мың адам үй кезегіне тіркелген. Олардың 75 пайызы – облыс орталығынан. Қазіргі уақытта «Нұрлы жер» бағдарламасы ауқымында өңірде 21 көп пәтерлі үй тұрғызылуда. Ауыл-аймақта 139 үй пайдалануға беріледі. Осы орайда облыс әкімі  Жолдау ауқымында білім, денсаулық, цифрландыру саласы бойынша басты бағыт-бағдарларды атап өтті.

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
195 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
210 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
480 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
959 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1337 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1206 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1695 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2314 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2477 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2485 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2537 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2540 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2121 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3019 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3074 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3066 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3682 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3648 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3639 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3613 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3774 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»