БАТЫСҚАЗАҚСТАНДЫҚ САҚШЫЛАР БАЙҚАУ ЖЕҢІМПАЗЫ
«Жақсы сөз – жанның тынысы». Осындай атаумен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, мемлекеттік тілді жетік меңгерген қабілетті қызметкерлерді анықтау және оларға қолдау көрсету, Қазақстандық патриотизмді нығайту және рухани құндылықтарды насихаттау мақсатында жыл сайын Батыс Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасы өткізетін мекемелер мен кәсіпорындар арасындағы облыстық байқаудан Батыс Қазақстан облысының Полиция департаменті бөліністері ешқашан сырт қалған емес және жауапкершілік пен тыңғылықты дайындықтың нәтижесінде осынау аталмыш шарада тек жүлдені ғана қанжығаларына байлап келді.


Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты биыл қашықтан оздырылған бұл байқауға Полиция департаментінің қызметкерлері «Жетінші аймақ» атауымен қатысып, өз бақтарын сынға салды. Байқауға облысымыздағы әкімдік, экономика, төтенше жағдай, білім, кітапхана және басқа да салалардың мамандары қатысты. Байқаудың алғашқы кезеңі – таныстырылым бөлімінде командамыз күйші Дина, дәстүрлі әнші Ғарифолла, жауынгер ақын Жұбанның бейнесін сомдап, команда құрамының өнерден кенде емес екенін дәлелдеді. Ал эссе бөлімінде қазіргі уақыттағы өзекті тақырыптардың ішінен «Біз соғысты көрген жоқпыз» тақырыбын таңдап, Ұлы Жеңістің биылғы 75 жылдығына орай ерлігімен есте қалған жерлестеріміз жайлы ой толғап, қаламдарының қарымын байқатса, «Өнерліге өріс кең» бөлімінде қазақтың бас ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай ақынның шығармашылығы төңірегінде өз ойларын ортаға салды. Бұл кезеңде топ басшысы полиция аға лейтенанты Лида Болатова әлем таныған Абай тұлғасы жөнінде тұшымды жауап берсе, полиция капитаны Батырхан Абдукалимов жетінші қара сөзінен үзіндіні жатқа оқып берді. Қазылар алқасының қосымша сауалына да мүдірмегенін баса айту керек. Сайыс соңында ғалымдар, тіл мен әдебиет, педагогика салаларының зиялы қауым өкілдерінен құралған қазылар алқасының дауыс беру қорытындысы бойынша бірнеше команданың арасынан Батыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің қызметкерлерінен құралған «Жетінші аймақ» командасы жүлделі 1 орынға ие болды. Біз де өз кезегінде команданың туын тік ұстап, отансүйгіштіктің жарқын үлгісі болып жүрген әріптестер полиция подполковнигі В.Купцовқа, полиция аға лейтенанты Л.Болатоваға, полиция капитаны Б.Абдукалимовке алғыс айтып, егеменді еліміз үшін еткен еңбектері еленіп, тұғырлы тіліміз үшін қосар үлестері әлі де арта берсін деп тілек білдіреміз. Айта кетейік, осынау тіл құдіретіне арналған облыстық байқау 2017 жылы бастау алған болса, тәртіп сақшылары төрт жыл қатарына үзбей қатысып, бас жүлде мен бірінші орынды ғана иеленіп келеді.
Г.ҚАРАҒОЙШИЕВА,
БҚО Полиция департаменті
Ішкі және сыртқы коммуникациялар бөлімінің
жетекші маманы
Версия для печатиСоңғы жаңалықтар
«ӘДІЛЕТ» ПАРТИЯСЫНЫҢ КӨШПЕЛІ ШТАБЫ ЖӘНІБЕК ЖҰРТШЫЛЫҒЫМЕН КЕЗДЕСТІ
Тұрақты даму – тиімді мемлекеттік басқару мен ортақ жауапкершіліктің нәтижесі
Бөрлі ауылында «Әділет» партиясының облыстық штаб мүшелері тұрғындармен кездесті
Жаңа Қазақстан Конституциясы – Әділетті қоғамның құқықтық негізі
«Жаңа талап» мемлекеттік қызмет мектебінің жаңа оқу жылы басталды
КАЗТАЛОВ АУДАНЫНДА 2 МЛРД ТЕҢГЕНІҢ 26 ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАСЫ БОЙЫНША МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ
Конституцияның 6-бабы: саяси әралуандық пен қоғамдық тұрақтылықтың құқықтық негізі
АВТОМОБИЛЬ КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОЖОЛ САЛАСЫ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ ҚҰРМЕТКЕ БӨЛЕНДІ
Болашақтың экономикасына байыппен көшуге құқықтық негіз болатын жаңа Азаматтық кодекс қабылдау қажет»
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауы
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 28 қазан күні Қазақстан халқына Жолдауын жариялайды
Президент шет мемлекеттер басшыларының Ұлттық мерекемізге орай жолдаған құттықтауларына ризашылығын білдірді
ОРАЛДА РЕСПУБЛИКА КҮНІНЕ ОРАЙ МЕМЛЕКЕТТІК ТУ КӨТЕРУ РӘСІМІ ӨТТІ
Облыс әкімі Нариман Төреғалиевтің Республика күнімен құттықтауы
Жедел медициналық көмек станциясының жаңа әкімшілік ғимараты салынуда
Батыс Қазақстан облысында Республика күні қарсаңында сенбіліктер мен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті
Мемлекет басшысы NVIDIA компаниясының негізін қалаушы және президенті Дженсен Хуангты қабылдады
«Подстепное – Федоровка – Ресей Федерациясының шекарасы»: БҚО-да автомобиль жолы пайдалануға берілді

Кіру
Пікір үстеу