8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru

2023 жылдың І жартыжылдығына жазылу басталды!

«Жайық үні-Жизнь города» газетіне жазылыңыз!

Бізбен бірге болыңыз!

 

 

8 (7112) 50-86-31
Қ.Жұмағалиев (Фрунзе) көшесі, 20/1 zhaik_yni@mail.ru
02 Қыркүйек 2020 1218 0
Қоғам

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жандандырды – Шпекбаев

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге қатысты пікірін білдіріп, facebook әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазба қалдырды.  

«Достар, өздеріңізге белгілі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту – Мемлекет басшысы саясатының басты бағыттарының бірі.

Президент былтыр 20 мамырда сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформалардың алғашқы пакетін жариялады. Онда қол астындағылардың сыбайлас жемқорлығы үшін басшыларды лауазымынан босату мен тәртіптік жауапкершілікке тарту институттарын енгізу, нормативтік-құқықтық актілер жобаларының сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасын қалпына келтіру, азаматтарды жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін ынталандырудың сараланған жүйесіне көшу тапсырылды. Жаңа бастамалардың барлығы нақты заңдарда көрініс тапты және өздерін тиімді алдын-алу құралдары ретінде көрсетті.

Антикордың басқа бастамалары да тұжырымдамалық қолдауға ие болды. Бұл – квазимемлекеттік және жеке секторларда комплаенс-қызметтер құру; ұлттық компаниялардың сатып алу және жобалық қаржыландыруға жауапты қызметкерлері есебінен сыбайлас жемқорлық субъектілерін кеңейту; мемлекеттік қызметшілерге сыйлық беруге және сыйлықтар алуға толық тыйым салу; күштік құрылымдар қызметкерлерінің қылмыстық арандатушылық әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершілікті белгілеу; квазимемлекеттік сектор басшыларын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын қолданбағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тарту. Бұл жаңашылдықтардың қазір Сенатта қаралуы – бастамалардың жақын арада іске асырылатындығын көрсетсе керек.

Қоғам мемлекеттік аппарат осымен ғана шектеледі деп ойлауы мүмкін. Алайда «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын дәйекті іске асыру сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмысты жандандырды. Коронавирус пандемиясы іс жүзінде мемлекеттік басқарудың әртүрлі салаларындағы, атап айтқанда денсаулық сақтау саласынан бастап цифрландыруға дейін созылмалы сыбайлас жемқорлық «індеттерінің» бетін ашты. Сондықтан Мемлекет басшысы биыл 19 тамызда Қазақстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын одан әрі жаңғырту жөнінде арнайы кеңес өткізді, оның негізгі тезистері кешегі Жолдаудың жеке блогына кірді.

Президенттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы реформаларының үшінші пакетінің аса маңызды бастамаларына қысқаша тоқталып өтейін.

Біріншіден – сыбайлас жемқорлық үшін жауапкершілікті күшейту. Ең алдымен, бұл – құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен судьяларға қатысты. Менің ойымша, олар заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтай отырып, сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін қатаң жауапкершілікке тартылуы тиіс. Пара берушілер мен делдалдар үшін парақорлық жазасын қатаңдату мәселесі пысықталатын болады. Сотталған жемқорларға қатысты мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың күшін жою ең қуатты профилактикалық әсерге ие болады. Осы тәжірибенің жалғасы ретінде біз аса ауыр сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін бірнеше еселенген айыппұл қолдануды және жемқорларға колония-қоныстарда тағайындалған жазаны қайта қарауды жоюды жақтаймыз.

Екіншіден – 2021 жылдан бастап мемлекеттік қызметшілер, депутаттар мен судьялар үшін шетелде банк шоттарын иеленуге тыйым салуды енгізу. Бұл бастама ел мүддесі үшін қызмет ету идеологиясы тұрғысынан ғана емес, жемқорлық капиталын шетелге шығару мүмкіндіктерін жою мақсатында да маңызды.

Үшіншіден – менің ойымша, «Қоғамдық бақылау туралы» Заңның қабылдануы азаматтар мен үкіметтік емес ұйымдарды сыбайлас жемқорлық пен бюрократияға қарсы жүйелі түрде әрекет етуге барынша кең ауқымда тартуға нақты серпін береді. Онда сан қырлы мәселелер бойынша қоғам өкілдерінің мемлекеттік органдармен өзара әрекеттесудің нақты тетіктері көрініс табатын болады. Антикор әзірлеген Ашық бюджеттердің интерактивті картасы мемлекеттік органдардың ашықтығын қамтамасыз етудің негізгі құралы болу арқылы алға қадам баспақ. Бұдан басқа, мемлекеттік органдардың жанында ғана емес, ұлттық компанияларда да жұмыс істейтін қоғамдық кеңестердің рөлі едәуір күшейетін болады. Үздік шетелдік тәжірибелер негізінде сыбайлас жемқорлық фактілері туралы ақпарат берушілерді қорғаудың кешенді жүйесін әзірлеу азаматтық қоғамды жандандырудың маңызды құралы болмақ.

Президенттің 2021 жылдың соңына дейін мемлекеттік қызметшілер мен квазимемлекеттік сектор қызметкерлерінің санын 25%-ға қысқартуды жеделдету шешімінің стратегиялық маңыздылығын ерекше атап өткен жөн. Осылайша, лауазымдық жалақыларын екі есе ұлғайта отырып, еңбекақы төлеудің факторлық-баллдық жүйесіне толыққанды көшу мемлекеттік қызметтегі сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытындағы тағы бір даусыз артықшылық болады.

Қазіргі таңда Үкіметпен бірлесіп, ЭЫДҰ, ГРЕКО, БҰҰ ұсынымдарынан туындайтын сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалар пысықталды. Олардың негізгісі – шенеуніктердің заңсыз байығаны үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілікті енгізу. 2021 жылдан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың бірінші кезеңін іске қосуды ескере отырып, біз келесі тетікті ұсынамыз. Бастапқы кіріс декларациясында мемлекеттік қызметші өзінің барлық активтерін тіркейді. Егер кезекті декларацияны тапсыру кезінде оның негіздей алмайтын табысының едәуір өсуі анықталса, оған мемлекеттік қызметтен босату және негізсіз асып кеткен соманы тәркілеу шарасы қолданылады.

Дамыған елдерде қолданылатын кәсіби сатылмаушылыққа тексеру институтын енгізу біршама алдын алу әсерін беретін болады.

Сондай-ақ, күн тәртібінде мемлекеттік қызметші емес, бірақ жариялық міндеттерді орындайтын тұлғаларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы қолдану мәселесі де бар. Яғни, біз пара алғаны үшін коммерциялық банктердің топ-менеджерлерін, табиғи монополиялар субъектілерінің басшыларын, жеке сот орындаушыларын және жария қызметшілердің басқа санаттарын мемлекеттік қызметшілер сынды қылмыстық жауапкершілікке тартуды ұсынамыз. Бұл тәжірибе бүкіл әлемде кең таралған.

Бүгінгі таңда қоғамның сыбайлас жемқорлықты барынша азайтуға деген талпынысы бұрынғыдан да зор. Сондықтан жемқорлыққа қарсы кешенді реформалардың өзектілігін асыра бағалау мүмкін емес. Елбасы мен Мемлекет басшысының толық қолдауына ие бола отырып, біз алдымызға Қазақстанда сыбайлас жемқорлыққа қарсы ең пәрменді құралдарды енгізу мақсатын қоямыз. Бұл – экономикалық өсу мен азаматтардың әл-ауқатын арттырудың негізгі шарты» деп жазды агенттік төрағасы.

 

Версия для печати

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Соңғы жаңалықтар
Бәрекелді!
Келіндерге ақшалай сыйақы берілді
22 Қараша 2024
191 0
Қалалықтар қаперіне
Иттерге рейд
21 Қараша 2024
208 0
Мәдениет
Жан дүниесі бір бөлек
20 Қараша 2024
476 0
Жалын
Жігерлі жастар жарысты
13 Қараша 2024
955 0
Қалалықтар қаперіне
Білім саласындағы өзекті мәселелер талқыланды
08 Қараша 2024
1333 0
Қалалықтар қаперіне
ИНФОРМАЦИОННОЕ СООБЩЕНИЕ
04 Қараша 2024
1204 0
Қалалықтар қаперіне
ХАБАРЛАМА
04 Қараша 2024
1691 0
Құттықтаймыз!
Жаңа тұрғын үйдің кілті табысталды
27 Қазан 2024
2310 0
Құттықтаймыз!
Көк Ту көкке көтерілді!
25 Қазан 2024
2473 0
Құттықтаймыз!
Ынтымақты айшықтаған мереке
25 Қазан 2024
2481 0
Қалалықтар қаперіне
Интернет-алаяққа алданбаңыз!
24 Қазан 2024
2533 0
Құттықтаймыз!
Айбарлы азаттықтың айғағы
24 Қазан 2024
2536 0
Қоғам
Ардагерлер жарысты
20 Қазан 2024
2119 0
Қалалықтар қаперіне
Құм Нарыны Нарынбекті еске алды
19 Қазан 2024
3015 0
Қалалықтар қаперіне
Жаңа аудандық сот ғимараты ашылды
18 Қазан 2024
3069 0
Оқиға
Өрттің алдын алды
18 Қазан 2024
3062 0
Құттықтаймыз!
АҚЖАЙЫҒЫН АҢСАЙДЫ АҚЫН ЖҮРЕК
11 Қазан 2024
3678 0
Бәрекелді!
Жағымды жаңалық!
11 Қазан 2024
3644 0
Қалалықтар қаперіне
3.190 әкімшілік құқық бұзушылық фактілері анықталды
11 Қазан 2024
3635 0
Қоғам
Үйірменің берері көп…
11 Қазан 2024
3609 0
Бәрекелді!
Жеңімпаздар анықталды
10 Қазан 2024
3770 0
«Мемлекеттік бағдарламалар»

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы

Қазақстан Республикасының үдемелі индустриялық-инновациялық дамуының 2010-2014 жылдарға арналған МЕМЛЕКЕТТІК БАҒДАРЛАМАСЫ

Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың2011 – 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан»
мемлекеттік бағдарламасы

«Ғаламтор ресурстары»