ОРАЛ ҚАЛАСЫ СӘУЛЕТ ЖӘНЕ ҚАЛА ҚҰРЫЛЫСЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
ҚР Президентінің «Ұлт жоспары – 100 нақты қадам» нақты бағдарламасында көрсетілген меритократия қағидасын жүзеге асыру аясында және конкурстық комиссияның шешімі бойынша Орал қаласы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы лауазымына Бердіғалиев Мирхан Темирханұлы тағайындалды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бердіғалиев Мирхан Темирханұлы 1987 жылы Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласында дүниеге келген. Білімі – жоғары. Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетін құрылыс мамандығы және Қазақстан инновациялық және телекоммуникалық жүйелер университетін құқықтану мамандығы бойынша тәмамдаған.
Әр жылдары:
– Орал қаласы Жер қатынастары бөлімінің мұрағатшысы;
– Орал қаласы Жер қатынастары бөлімінің іс-қағаздарын жүргізуші;
– Орал қаласы Сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы;
– Орал қаласы Сәулет және қала құрылысы бөлімі қала құрылысы құжаттамасы бойынша секторының бас маманы болып қызмет атқарды.
2019 жылдан бастап осы кезге дейін Орал қаласының Сәулет және қала құрылысы бөлімі басшысының орынбасары қызметін атқарды.
Соңғы жаңалықтар
Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиевтің Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқының бірлігі мерекесімен құттықтауы
Қазақстанда Орталық Азиядағы ең ірі жүгеріні терең өңдеу зауыты іске қосылады
Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады
БҚО-да сұйытылған мұнай газымен қамту мәселесі тұрақты бақылауда
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың жаңа тұжырымдамасы: ашықтық, цифрландыру және қоғаммен әріптестік
Олжас Бектенов обсудил с руководством Air Products сотрудничество в сферах газохимии и промышленных технологий
QOSTANAI TECH қызу өтіп жатыр: Қостанайда ең ауқымды отбасылық ғылыми-инновациялық фестиваль жалғасуда
Оралда «YNTYMAQ» конфессияаралық келісім комьюнити орталығы ашылды
Минобороны Казахстана обновило правила выплат военнослужащим: что изменилось
Қоғамдық орындарда бет-әлпетті жабу: заң талабы және қауіпсіздік
«TURGYNDAR AMANATY»: әрбір тұрғын үйде жайлы өмір сүруге жағдай жасайтын жүйелі шешім
Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

Кіру
Пікір үстеу